На главную Размер шрифта: Цвет сайта: ↑ Наверх

Жаңалықтар


19-Маусым-2017 - Қарағанды облысының 40-тан астам нысандары Қазақстанның киелі жерлері картасына енуі мүмкін

 Аймағымыздың тарихи оқиғаларға бай мекендері еліміздің киелі жерлер картасында белгіленуі мүмкін. Ол жайлы Мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар басқармасының жетекшісі Еркебұлан Ағымбаев мәлімдеді.
- Бүгінгі таңда тізім анықталды, оның ішінде біздің олысымыздың 40-тан астам жері бар, - деді ол. – Аталмыш тізім Республикаға жіберілді. Осы жазда, менің білуімше, Астанадан комиссия келеді, ол барлық аталған жерлерді аралап шығады, сонан соң олардың қайсысын картаға енгізу керектігін шешетін болады.
Қазір ол комиссия мүшелері белгілі-бір географиялық нысанның қаншалықты маңызды екенін анықтайтын алгоритм құрастырып жатыр.
Қарағанды облысындағы қасиетті жерлердің тізіміне Жошы хан және Домбауыл кесенелері және Әулие тау енгені белгілі.
Жошы хан кесенесі Қарағанды облысының Ұлытау ауданында, Жезқазған қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 50 шақырым қашықтықта орналасқан XIII-ші ғасыр сәулет ескерткіші. Аңыздарға сай кесенеде Шыңғыс ханның үлкен ұлы жерленген. 1982-ші жылдан бастап ескерткіш мемлекет қорғауына алынған.
Домбауыл кесенесі, көптеген ғалымдардың пікірінше, Орталық Қазақстанда орналасқан ең көне ескерткіштердің бірі болып есептеледі. Домбауыл кесенесі исламға дейінгі кезеңге жатады. Ол киіз үй пішіндес салынған, жәнеде ортаазиялық сәулет ескерткіштерінен анағұрлым ерекшеленеді. Кесене тас тақталардан салынған. Көлемі: ені 8,9 х 7,9 метр, ал биіктігі 5,5 метрді құрайды.
Әулие тау – Сарыарқа көне тау сілемдерінің Ұлытаудағы ең биік нүктесі (1131 м).
Осыған дейін Қазақстан президенті «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» және «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» атты жобаларды іске асыруды тапсырған болатын.
«Идеяның түпкі төркіні Ұлытау төріндегі жәдігерлер кешенін, Қожа Ахмет Ясауи мав¬золейін, Тараздың ежелгі ескерткіштерін, Бекет ата кесенесін, Алтайдағы көне қорымдар мен Жеті¬судың киелі мекендерін және басқа да жерлер¬ді өзара сабақтастыра отырып, ұлт жадында біртұтас кешен ретінде орнықтыруды меңзейді», - деп президент өзінің ұлт санасын рухани жаңғырту туралы мақаласында жазған болатын.
ҚР мәдениет және спорт министрлігінің индустрия комитеті Қазақстанның киелі жерлерінің картасын құру бойынша жұмыстарды бастады.





Мемлекеттік рәміздер
Сауалнама
Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
Сіз көрсетілген мемлекеттік қызметтерінің сапалығына ризасыз ба? Басталу уақыты: маусым 2016
Мұрағат
Сіз бес институционалдық реформа және оны іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарымен таныссыз ба?
Басталу уақыты: ноябрь 2015
Мұрағат
Сіз мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жөніндегі ақпаратты қандай дереккөзден алғанды қалайсыз? Басталу уақыты: маусым 2016
Мұрағат
Сіз Қарағандыны қаншалықты білесіз?


Цифра дня
  • EXPO 2017
  • Облыс әкімдігінің тұрғындар алдындағы есебі
  • Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
  • Өңдеу саласындағы қазақстандық экспорттаушылар мен шетелдік сатып алушыларға арналған Портал
  • Долевое жилье без обмана
© 2005-2015Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы