На главную Размер шрифта: Цвет сайта: ↑ Наверх

Жаңалықтар


19-Маусым-2017 - Ерлан Қошанов: Мүгедектердің жағдайын жасау пандустардың санымен ғана бағаланбайды

 Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов мүмкіндігі шектеулі жандардың жағдайын жүйелі түрде жақсартуды талап етті. Аймақ басшысы бұл жұмыстарды өзі қадағалайтын болады. Бұл жайлы ол мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласы бойынша өткен үйлестіру кеңесінде мәлімдеді.
Қарағанды облысында 60 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жан тұрады. Ол аймақ тұрғындарының жалпы санының 4,4 %-ы. Мүгедек балалар саны 4 мыңнан асады.
Қазіргі таңда мүгедектердің өмір сапасын жақсарту және құқықтарын қамтамасыз ету бойынша аймақтық шаралар жоспары жүзеге асырылуда. 2017 жылы облыстық бюджеттен мүгедектерге әлеуметтік қолдау көрсетуге 631,9 млн теңге бөлінген. Өткен жылмен салыстырғанда қаржы сомасы екі есеге ұлғайған. Аталмыш қаражат мүгедектер арбасын, сурдотехникалық және тифлотехникалық құралдарды алуға, протездеу бойынша медициналық қызметтерді және протезді-ортопедиялық өнімдерді сатып алуға, мүгедектер үшін санаторлық-курорттық жолдамаларды алуға жұмсалады.
Бұған қоса мүгедектерді әлеуметтік қорғауға байланысты республикалық бюджеттен 610,6 млн. теңге көлемінде мақсатты трансферттер қарастырылған.
Үйлестіру кеңесінде мүгедектер үшін қолжетімді ортаның жағдайы талқыланды. Жиналыс барысында бірқатар басқармалардың жетекшілері, Қарағанды қаласы мен Бұқар Жырау ауданының әкімдері баяндама жасады.
Қарағандыда мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамдық көліктегі ыңғайлығы үшін 21 жолаушы тасымалдайтын автобус арнайы жабдықталған. Мүгедектерді тегін тасымалдайтын 33 инватакси жұмыс істейді.
Дегенмен, мүгедектер қоғамдық қорларының өкілдері инфрақұрылымның жоқтығын айтып, шағымданды.
«Ең басты проблема – қолжетімді қоршаған орта құру. Қайта қалпына келтіру техникалық жабдықтарымен бізді қамтамасыз етеді. Қарағандылықтар үшін сатып алынатын мүгедектер арбасына тіпті Астанада да қызығады. Алайда біз қала ішінде жүріп-тұруымыз керек қой. Біз пандустар туралы айтып отырмыз. Сонымен қатар құлағы нашар еститін, көзі нашар көретін мүгедектер де бар. Олар үшін нысандар бейімделмеген», - дейді «Лайықты өмір» мүгедектерді қайта қалпына келтіру орталығы» ҚҚ төрағасы Александр Ивкин.
Жиналыс барысында сондай-ақ қала жолдары арбада отырған мүгедектер үшін бейімделмегені туралы сөз қозғалды. Ал темір жол вокзалында көтергіш құралдар жоқ. Сонымен қатар полиция қызметкерлері мүгедектерге арналған көлік қою орындарына басқалар көліктерін қоймауын қатаңырақ қадағаласа екен деген тағы бір өтініші айтылды. Қарағанды қаласындағы 90 мың адамға қызмет көрсететін емханада мүгедектерді жоғары қабаттарға көтеретін құрылғылар жоқ. Сонымен бірге инклюзивті білім мәселесі де талқыланды.
Ерлан Қошанов екі жақты да тыңдап болған соң, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының есебін мейірімсіз деп санап, қабылдамады.
«Пандустар – ең маңызды мәселе емес. Біз оны бірінші кезекте жасауымыз керек. Ең бастысы – өмір сапасын жақсарту, - деп қадап айтты облыс әкімі. – Баяндама таза шенеунік тұрғысынан жасалған, мейірімсіз. Жағдайдың ешқандай сараптамасын естіген жоқпын. Бізде қандай проблемаларды шешу керектігі де айтылмады. Ол жайында жиналысқа келген қонақтарымыз ғана айтты. Қабылдамаймын мына есептеріңізді».
Аймақ басшысы мүгедектер қоғамдық қорларының өкілдеріне ашық әңгіме үшін алғыс айтты. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін кедергісіз қоршаған орта құру бойынша жұмыстарды түзету керек деген қорытынды жасады. Облыс әкімі жергілікті бюджеттен мүгедектерді әлеуметтік қорғау бойынша шараларға бөлінетін қаражатты ұлғайту жолдарын қарастыруды тапсырды.
«Қазір міне, біздің көшелерімізде мүмкіндігі шектеулі жандарды сирек кездестіруге болатыны туралы айтылды. Себебі ол адамдарға үйлерінен шығу қиын. Біз барлығымыз шет елдерде боламыз, ол жерде басқа көрініс. Ол жақтағы мүгедектер ешқандай таршылық көрмейді, қоғамдық ортада өздерін бос ұстап, барлық адамдармен тең жағдайда болады. Бізге сондай жағдайға ұмтылу керек, - деді Ерлан Қошанов. – Біз осы жерде айтылған әрбір мәселеге нақты тоқталып, жүйелі жұмыс құруымыз керек. Әдетте үйлестіру кеңесін менің орынбасарым өткізетін. Енді әр жиналысты мен өзім өткіземін. Атқарылып жатқан жұмыстарды өзім бақылайтын боламын».

Ерлан Қошанов: Мүгедектердің жағдайын жасау пандустардың санымен ғана бағаланбайды Ерлан Қошанов: Мүгедектердің жағдайын жасау пандустардың санымен ғана бағаланбайды Ерлан Қошанов: Мүгедектердің жағдайын жасау пандустардың санымен ғана бағаланбайды Ерлан Қошанов: Мүгедектердің жағдайын жасау пандустардың санымен ғана бағаланбайды Ерлан Қошанов: Мүгедектердің жағдайын жасау пандустардың санымен ғана бағаланбайды Ерлан Қошанов: Мүгедектердің жағдайын жасау пандустардың санымен ғана бағаланбайды





Мемлекеттік рәміздер
Сауалнама
Сіз көрсетілген мемлекеттік қызметтерінің сапалығына ризасыз ба? Басталу уақыты: маусым 2016
Мұрағат
Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
Сіз мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жөніндегі ақпаратты қандай дереккөзден алғанды қалайсыз? Басталу уақыты: маусым 2016
Мұрағат
Сіз бес институционалдық реформа және оны іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарымен таныссыз ба?
Басталу уақыты: ноябрь 2015
Мұрағат
Сіз Қарағандыны қаншалықты білесіз?


Цифра дня
  • Өңдеу саласындағы қазақстандық экспорттаушылар мен шетелдік сатып алушыларға арналған Портал
  • Долевое жилье без обмана
© 2005-2015Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы