На главную Размер шрифта: Цвет сайта: ↑ Наверх

Жаңалықтар


19-Маусым-2017 - Қарағанды көшелерінде биыл 17 мүсін орнатылады

 Облыс орталығының көшелері осы жазда бірнеше шағын сәулет құрылыстарымен әсемделеді. Тамыздың 28-іне дейін 16 мүсін орнату жоспарланған.
Олардың біреуі Ерубаев және Әлиханов көшелерінің қиылысындағы Балалар және жасөспірімдер сарайының алдындағы алаңда орнатылды. Саябақтың сәнін келтіріп тұрған 8 метрлік композиция «Сарыарқа» деп аталады.
Жақын арада осы секілді сәулет өнерінің туындылары Төлепов, Бөкетов көшелерінің бойында, «Норма» супермаркетінің алдында, Құрылысшылар даңғылы мен Мұқанов көшесінің қиылысында, Мамраев атындағы шағын ауданда (Көгілдір тоған) және Магнитогорская көшесіндегі № 95 мектептің аумағында пайда болады.
- Барлық мүсіндер бетоннан құйылған болады, - деді Қарағанды суретшілер Одағының төрағасы Айдар Қалмаханов. – Кейбірі қола бояумен, ал кейбір мүсіндер түрлі-түсті бояулармен боялады. Мысалы, Мамыраев атындағы шағын ауданда балалар алаңқайының маңында полихромды сәулет құрылысы орнатылады. Барлық нысандарды қолмен ұстауға болады, тіпті балаларға ойнауға рұқсат етіледі. Әрине, үлкендердің бақылауымен.
Сонымен қатар кейбір жерлерде бүтін мүсіндік ансамбльдер орнатылады деген жоспар бар. Мысалы, Төлепов көшесінде тас үстінде демалып отырған ұл балаларды суреттейтін үш сәулет құрылыстары қойылады. Бетоннан жасалған ұлттық аспаптар Құрылысшылар даңғылы мен Мұқанов көшесінің қиылысында орналастырылады.

Қалада қандай мүсіндер пайда болады


Құрылысшылар даңғылы мен Мұқанов к-сі қиылысында
«Музыка». Биіктігі 1,8 м. Авторы В. Арент
«Торсық». Биіктігі 1,8 м. Авторы Ж.Комутов

«Гүлдер-1» шағын ауданы, Бөкетова к-сі
«Береке». Биіктігі 1,8 м. Авторы Н. Викторова
«Түйелер». Биіктігі 1,5 м. Авторы В.Арент
«Сарыарқа-2». Биіктігі 1,5 м. Авторы Т. Рольн

Мамыраев атындағы шағын аудан (Көгілдір тоған)
«Құстар». Биіктігі 1,8 м. Авторы Н. Викторова
«Ана мен бала». Биіктігі 1,8 м. Авторы Н.Викторова
«Шәшу». Биіктігі 5 м. Авторы. М Калмаханов

Төлепов көшесі
«Ұлдар». Биіктігі 1,5 м. Авторлары А. Болюх и Н. Болюх

Магнитогорская к-сі 95-ші мектеп маңында
«Ашина». Биіктігі 1,8 м. Авторы М. Аманбаев

Улица Алиханова
«Геометриялық метаморфоздар». Биіктігі 1,5 м.

Қарағанды көшелерінде биыл 17 мүсін орнатылады Қарағанды көшелерінде биыл 17 мүсін орнатылады Қарағанды көшелерінде биыл 17 мүсін орнатылады Қарағанды көшелерінде биыл 17 мүсін орнатылады Қарағанды көшелерінде биыл 17 мүсін орнатылады Қарағанды көшелерінде биыл 17 мүсін орнатылады Қарағанды көшелерінде биыл 17 мүсін орнатылады Қарағанды көшелерінде биыл 17 мүсін орнатылады Қарағанды көшелерінде биыл 17 мүсін орнатылады Қарағанды көшелерінде биыл 17 мүсін орнатылады Қарағанды көшелерінде биыл 17 мүсін орнатылады Қарағанды көшелерінде биыл 17 мүсін орнатылады Қарағанды көшелерінде биыл 17 мүсін орнатылады Қарағанды көшелерінде биыл 17 мүсін орнатылады





Мемлекеттік рәміздер
Сауалнама
Сіз мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жөніндегі ақпаратты қандай дереккөзден алғанды қалайсыз? Басталу уақыты: маусым 2016
Мұрағат
Сіз бес институционалдық реформа және оны іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарымен таныссыз ба?
Басталу уақыты: ноябрь 2015
Мұрағат
Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
Сіз көрсетілген мемлекеттік қызметтерінің сапалығына ризасыз ба? Басталу уақыты: маусым 2016
Мұрағат
Сіз Қарағандыны қаншалықты білесіз?


Цифра дня
  • Өңдеу саласындағы қазақстандық экспорттаушылар мен шетелдік сатып алушыларға арналған Портал
  • Долевое жилье без обмана
© 2005-2015Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы