На главную Размер шрифта: Цвет сайта: ↑ Наверх

Жаңалықтар


16-Маусым-2017 - Қарағандыда денсаулық сақтау саласының үздік мамандары марапатталды

 Бүгін кеншілер мәдениет сарайында денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне құрмет көрсетілді. 8 үздік маман диплом мен облыс әкімінің сыйлығын иеленді.

Салтанатты шараны Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов ашты. «Құрметті медицина қызметкерлері, бүгін біз сіздерді, ең абзал мамандарды ұлықтау үшін жиналып отырмыз. Сіздердің әріптестеріңіз айтпақшы, медицина – ол махаббат. Әйтпесе оның мәні жоқ. Мүмкін тек осы себепті көп уақытты мамандықты үйрену үшін оқуға жұмсап, сонан соң ең маңызды зат – адам өмірін сақтап қалуға бар күштеріңізді жұмсайсыздар», - деді аймақ басшысы.
Сонымен қоса облыс әкімі дәрігерлерімізге кейде ыңғайсыз жағдайда жұмыс істеуге тура келетінін, алайда соған қарамастан олар кәсібилігінің арқасында әрдайым тығырықтан шығар жол таба алатынын атап айтты. Денсаулық сақтау саласындағы проблемалар біртіндеп шешіледі. Алдағы жоспарда облыстық аурухананың жаңа ғимаратының және Қарағандыдағы онкологиялық диспансердің операциялық блогының құрылысы тұр. Өз сөзін қорытындылай келе облыс әкімі денсаулық сақтау саласының барлық қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады: «Мемлекет басшысы әрдайым ұлт денсаулығы – ел болашағының негізі екенін қадап айтады. Сол болашақ сіздердің қолдарыңызда. Барлық қарағандылықтардың атынан медицина қызметкерлеріне алғысымды білдіргім келеді. Жиі біз сіздерден ғажайып күтеміз, ал сіздер сол ғажапты қолдарыңызбен жасайсыздар. Сіздерде шұғыл жағдайлар аз, ал риза емделушілер көп болсын».
Биыл облыс әкімі сыйлығының лауреаты атанғандар:
«Үздік терапевт» номинациясында – «Теміртау қаласының №1 емханасы» ЖТД 2 бөлімшесінің меңгерушісі Валентина Марченко;
«Үздік жалпы тәжірибе дәрігері» - «Нұра ауданының орталық аудандық ауруханасы» ҚММ жалпы тәжірибе дәрігері Жібек Білденова;
«Үздік медбике» - «Саран қаласының орталық ауруханасы» ҚММ медициналық бикесі Ирина Шперлинг;
«Үздік акушер-гинеколог» - «Балқаш қаласының орталық ауруханасы» ҚММ бөлім меңгерушісі Роза Терлікбаева;
«Үздік педиатр» - «Қарағанды қалалық балалар ауруханасы» ҚММ педиатр дәрігері Людмила Елякина;
«Үздік хирург» - «Облыстық медициналық орталық» ҚММ оториноларингологиялық бөлімінің меңгерушісі Нұрлан Күлмағанбетов;
«Үздік денсаулық сақтау ұйымдастырушысы» - «Қарағанды қаласының №3 емханасы» ҚММ директоры Сәния Боранқұлова.
Әр лауреатқа 200 мың теңге көлемінде сыйақы берілді.

Қарағанды обысы әкімінің 600 мың теңгені құрайтын «Өз ісіне адалдығы үшін» арнайы сыйлығын «Профессор Мақажанов атындағы облыстық травмотология және ортопедия орталығы» ҚММ Қайта қалыпқа келтіру және реабилитация орталығының жетекшісі Отан Макішев иеленді. Үздік маманға сыйлықты облыс әкімі өзі табыс етті.
Медицина қызметкерінің күні Қазақстанда жыл сайын маусымның үшінші жексенбісінде атап өтіледі.
Қарағанды облысы әкімінің сыйлығы 2006-шы жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың денсаулық сақтау саласының алдына қойған мақсаттары мен міндеттерін орындауда медицина қызметкерлерінің атқарған еңбектерін және аймағымыздағы осы саланың дамуындағы зор үлестерін бағалау белгісі ретінде тағайындалған болатын.

Қарағандыда денсаулық сақтау саласының үздік мамандары марапатталды Қарағандыда денсаулық сақтау саласының үздік мамандары марапатталды Қарағандыда денсаулық сақтау саласының үздік мамандары марапатталды Қарағандыда денсаулық сақтау саласының үздік мамандары марапатталды





Мемлекеттік рәміздер
Сауалнама
Сіз бес институционалдық реформа және оны іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарымен таныссыз ба?
Басталу уақыты: ноябрь 2015
Мұрағат
Сіз мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жөніндегі ақпаратты қандай дереккөзден алғанды қалайсыз? Басталу уақыты: маусым 2016
Мұрағат
Сіз көрсетілген мемлекеттік қызметтерінің сапалығына ризасыз ба? Басталу уақыты: маусым 2016
Мұрағат
Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
Сіз Қарағандыны қаншалықты білесіз?


Цифра дня
  • EXPO 2017
  • Облыс әкімдігінің тұрғындар алдындағы есебі
  • Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
  • Өңдеу саласындағы қазақстандық экспорттаушылар мен шетелдік сатып алушыларға арналған Портал
  • Долевое жилье без обмана
© 2005-2015Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы