На главную Размер шрифта: Цвет сайта: ↑ Наверх

Жаңалықтар


16-Маусым-2017 - Қарағанды облысының алқаптарында шегірткелерді жою жүргізіліп жатыр

 Қарағанды облысында 90 мың гектардан астам алқаптарда шегірткеге қарсы өңдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл шараларға қажетті қаражат республикалық және облыстық бюджеттен бөлінді. Ең көп өңдеу жұмыстары Ұтылау және Жаңаарқа аудандарында өткізілуде. Зиянкестермен күрес жерде де, ауада да жүргізіліп жатыр. Алдын ала шаралардың арқасында облысымызда шегірткелердің қаптауы көп жылдар болмаған. Ол жайлы ҚР АШМ АӨК Мемлекеттік инспекция Комитетінің Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясы мәлімдеді.
«Облысымыздың тоғыз ауданында фитосанитарлық диагностика республикалық әдістемелік орталығының филиалдары қызмет етіп жатыр. Мамандар аумақтарды зерттеп жыл сайын зиянкестерге қатысты болжам жасайды, қанша алқаптарды өңдеу керектігін жеткізеді. Шегіткелер қаптауының шарықтау шегі 2000-шы жылдардың басында болғантын. Сол кезде 800 мың га жерді өңдеуге тура келді. Сонан соң олар азая бастады. Кей жылдары небәрі 40 мың га жерді өңдеген кездер де болды. 2016 жылы өңделген жерлер ауданы 134 мың га болған, ал биылғы жылы болжам бойынша 93 мың га», - деді облыстық аумақтық инспекция жетекшісінің орынбасары Әзілхан Абақанов.
Мамырда зерттеулер басталған. Бұл процесс зиянкестер дернәсіл тастаған бетте басталады.
Нәтиже келесі: шегірткелер тобына қарсы алқаптарды өңдеу жұмыстарын облысымыздың бес ауданында өткізу қажет. Ол – Ақтоғай, Жаңаарқа, Нұра және Ұлытау аудандары, сонымен қатар Қаражал қаласы. Шегіртке жойылып жатқан алқаптардың жартысынан көбі Жаңаарқа ауданына тиесілі – 41,3 мың га. Ал Ұлытау ауданында 38 мың га өңделеді.
Өңдеу жұмыстарына жер бетіндегі техникалары – бүріккіштері бар микрондар, газ генераторлар және аса жеңіл авиация – дельталеттар мен ұшақтар жұмылдырылған. Зиянкестерді жоюда соңғы буын пестицидтері пайдаланылады. «Егер еліміздің оңтүстігінде топтық шегірткенің бірнеше түрлері – марокколық, азиялық шегірткелер тараған болса, бізде олардың тек бір түрі – италияндық прус дамыған, - деп түсіндірді Әзілхан Абақанов. – Зиянкестерді жоюда ешқандай қиындықтар туандаған жоқ, жұмыс жоспар бойынша жүріп жатыр. Өңдеу жұмыстары жүргізілетіні туралы жергілікті тұрғындарға алдын ала хабарланады. Олар да дайын болып, қауіпсіздік ережелерін сақтауы үшін».
Топтық шегірткелермен күреске республикалық бюджеттен қаражат бөлінген. Оған қоса облыстық бюджеттен 11 мың га алқапты топтық емес шегірткелерден тазартуға 47 млн. теңге қарастырылған.
Инспекция мәлімдегендей облысымыздың алқаптарында басқа да зиянкестермен – сұр дақылды көбелек және колорад қоңызымен де күрес жүргізіліп жатыр.





Мемлекеттік рәміздер
Сауалнама
Сіз көрсетілген мемлекеттік қызметтерінің сапалығына ризасыз ба? Басталу уақыты: маусым 2016
Мұрағат
Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
Сіз бес институционалдық реформа және оны іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарымен таныссыз ба?
Басталу уақыты: ноябрь 2015
Мұрағат
Сіз мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жөніндегі ақпаратты қандай дереккөзден алғанды қалайсыз? Басталу уақыты: маусым 2016
Мұрағат
Сіз Қарағандыны қаншалықты білесіз?


Цифра дня
  • Өңдеу саласындағы қазақстандық экспорттаушылар мен шетелдік сатып алушыларға арналған Портал
  • Долевое жилье без обмана
© 2005-2015Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы