На главную Размер шрифта: Цвет сайта: ↑ Наверх

Жаңалықтар


16-Маусым-2017 - Майқұдықта Геннадий Головкиннің «Туған жер» бағдарламасы шеңберінде сыйлаған ойын кешені ашылды

 Бүгін, 16-шы маусымда Майқұдық шағын ауданында салтанатты түрде жаңа балалар ойын алаңы ашылды. Ол танымал боксшы Геннадий Головкиннің қаражатына «Туған жер» бағдарламасының шеңберінде салынды.
Алаңқай боксшының туып-өскен ауласында, 14-шы ықшам ауданның 11-ші үйі маңында орнатылды. Ойын кешені түрлі пішінді бес сырғанақтан, үйшіктен және кішігірім көпірден құралған. Мұның барлығы «КазПласт» қазақстандық компаниясымен жасалған өнім.
- Бұл алаңқайдың ашылуы – президенттің «Туған жер» бағдараламасының жүзеге асып жатқандығының белігісі, деп атап айтты Октябрь ауданының әкімі Әлімжан Қанаев. – Елбасы барлық табысты азаматтарды өзінің туып-өскен жерін ұмытпауға шақырды. Біздің боксшымыз Геннадий Головкин де бұл бастаманы қолдады.
Геннадийдің туып, өскен ауласының тұрғындары бұл идеяны қуана қарсы алды. Алаңқайды орнатпас бұрын жергілікті тұрғындар аулада сенбілік өткізген, ағаштардың түптерін әктеп, тіпті бұрыннан бері істен шыққан ескі темір әткеншектерді де жөндеп қойған.
- Бұл жерде осыған дейін ескі темір-терсектер ғана болған, барлығы ұсқынсыз болатын, - дейді Нина Лепеха, 14-ші ықшам аудандағы №11-ші үйдің тұрғыны. – Қазір, әрине, барлығы анағұрлым жақсы. Балалардың ойнайтын жері бар. Осыған дейін олар ойнау үшін 11А шағын ауданына баратын. Ал енді барлық балақайлар бізге келетін болады. Біз әрине, ешкімді қумаймыз. Себебі осының барлығы балалар үшін жасалып жатыр ғой. Бұл жерде біздің де, басқа аулалардың бүлдіршіндері ойнай берсін.
Тұрғындардың айтуынша, алаңқайды үш күннің ішінде орнатқан екен. Жұмыскерлер таңғы жетіден кешкі жетіге дейін тер төгіп, еңбек еткен.
Кешеннің ашылу салтанатына балаларға қызықты бағдарлама ұйымдастырған аниматорлар шақырылған.
Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада Геннадий Головкин Қарағанды облысы әкімі Ерлан Қошановпен жеке кездесу барысында өз қаражаты есебінен өзінің туып-өскен ауласында балалар алаңқайын орнатуды ұйғарғанын жеткізген болатын.
Геннадий Головкин – орташа салмақ дәрежесінде жұдырықтасатын жеңіліп көрмеген қазақстандық кәсіби боксшы. Әуесқойлар арасындағы әлем чемпионы, Олимпиада ойындарының вице-чемпионы. WBA, IBF, WBC, IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы. Ол «The Ring» журналының нұсқасы бойынша салмақ мөлшеріне тәуелді емес ең үздік боксшылардың үштігіне енген.

Майқұдықта Геннадий Головкиннің «Туған жер» бағдарламасы шеңберінде сыйлаған ойын кешені ашылды Майқұдықта Геннадий Головкиннің «Туған жер» бағдарламасы шеңберінде сыйлаған ойын кешені ашылды Майқұдықта Геннадий Головкиннің «Туған жер» бағдарламасы шеңберінде сыйлаған ойын кешені ашылды Майқұдықта Геннадий Головкиннің «Туған жер» бағдарламасы шеңберінде сыйлаған ойын кешені ашылды Майқұдықта Геннадий Головкиннің «Туған жер» бағдарламасы шеңберінде сыйлаған ойын кешені ашылды





Мемлекеттік рәміздер
Сауалнама
Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
Сіз мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жөніндегі ақпаратты қандай дереккөзден алғанды қалайсыз? Басталу уақыты: маусым 2016
Мұрағат
Сіз көрсетілген мемлекеттік қызметтерінің сапалығына ризасыз ба? Басталу уақыты: маусым 2016
Мұрағат
Сіз бес институционалдық реформа және оны іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарымен таныссыз ба?
Басталу уақыты: ноябрь 2015
Мұрағат
Сіз Қарағандыны қаншалықты білесіз?


Цифра дня
  • Өңдеу саласындағы қазақстандық экспорттаушылар мен шетелдік сатып алушыларға арналған Портал
  • Долевое жилье без обмана
© 2005-2015Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы