На главную Размер шрифта: Цвет сайта: ↑ Наверх

Жаңалықтар


15-Маусым-2017 - Қарағандыда медициналық қызметкерлер төс белгілерімен және құрмет грамоталарымен марапатталды

 Бүгін, 15-ші маусымда «Нұр Отанда» Қарағанды облысының медицина қызметкерлеріне құрмет грамоталары, алғыс хаттар және төс белгілер табысталды.
- Біз үшін медицина қызметкерлерінің күні – басты мереке, - деді салтанатты шараның ашылуында басқарма жетекшісі Ержан Нұрлыбаев. – Бұл күні бізде облысымыздың әр аймақтарынан барлық қызметкерлерді жинау мүмкіндігі туады.
Ол сонымен бірге денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың жіберген құттықтау телеграммасын оқыды.
Сонан соң марапаттау салтанатты шарасы басталды. «Еңбек ардагері» медалі сегіз адамға, оның қатарында Облыстық туберкулезге қарсы диспансердің рентгенолог дәрігері Виктор Мехедке, Қарағанды қаласы №3 емхананың дәрігері Сәуле Кәкеноваға, Ұлытау ауданы орталық ауруханасының невропатологы Ақзейнеп Наурызбаева және Қарағанды медициналық колледжінің хирургиялық аурулар оқытушысы Аманжол Апраимовқа табысталды.
14 адам «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісімен марапатталып, тағы да сонша адамға «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» белгісі берілді. «Қазақстан Республикасының жедел жәрдем қауымдастығының «Үздік қызметкері» төс белгісі облыстық жедел жәрдем станциясының қызметкеріне табыс етілді.
20 медицина қызметкерлеріне алғыс хаттар және грамоталар берілді. Барлығы 57 адам марапатталды.
Медицина қызметкері күні Қазақстанда жыл сайын маусымның үшінші жексенбісінде атап өтіледі. Ал ертең, 16-шы маусымда Кеншілер мәдениет сарайында Ерлан Қошановтың қатысуымен медициналық қызметкерлерге облыс әкімінің сыйлығын тапсыру салтанаты өтеді.





Мемлекеттік рәміздер
Сауалнама
Сіз бес институционалдық реформа және оны іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарымен таныссыз ба?
Басталу уақыты: ноябрь 2015
Мұрағат
Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
Сіз мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жөніндегі ақпаратты қандай дереккөзден алғанды қалайсыз? Басталу уақыты: маусым 2016
Мұрағат
Сіз көрсетілген мемлекеттік қызметтерінің сапалығына ризасыз ба? Басталу уақыты: маусым 2016
Мұрағат
Сіз Қарағандыны қаншалықты білесіз?


Цифра дня
  • Өңдеу саласындағы қазақстандық экспорттаушылар мен шетелдік сатып алушыларға арналған Портал
  • Долевое жилье без обмана
© 2005-2015Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы