На главную Размер шрифта: Цвет сайта: ↑ Наверх

Жаңалықтар


19-Мамыр-2017 - Қарағандыда «Astana Arlans» және ресейлік «Patriot boxing team» командалары арасында бокстан жекпе-жектер өтеді

 20 мамырда Бокс орталығында WSB Дүниежүзілік Бокс Сериясының жетінші маусымы шеңберінде плей-офф кезеңіндегі қарсы үй кездесуі өтеді. «Astana Arlans» рингте ресейлік «Patriot boxing team» командасына қарсы шығады.
Қазақстандық топ осыған дейін маусым басында «Патриоттықтармен» кездескен болатын. Ол жарыста біздің боксшыларымыз 2:3 есебімен жеңіске жеткен еді. Сонымен қатар қазақстандықтар Өзбекстан мен Қытай елдерінен келген қарсыластарынан басым түсті. Ал «Patriot boxing team» өзбек тобына есе жіберіп алып, қытайлық «China dragons» командасын жеңген болатын.
Бүгінгі таңда «Astana Arlans» Дүниежүзілік Бокс Сериясының жетінші маусымының қорытындысы бойынша бірінші орынды иеленіп тұр.
Ертең қазақстандық боксшыларға турнирлік кестедегі орындарын сақтап қалу үшін жекпе-жекте бар күштерін салуға тура келеді. Рингке Олжас Сәттібаев, Закир Сафиуллин, Асламбек Шымбергенов, Арман Рысбек және қарағандылық Дмитрий Зиско шығады. Егер шот тең болса, тағы бір жекпе-жек өткізіледі. Команданың намысын супер ауыр салмақты Нұрсұлтан Аманжолов қорғайды.
Бүгін ертеңгі жекпе-жекке қатысты баспасөз мәслихаты өтті.
- Бокста алдын ала болжам жасауға болмайды, - деді баспасөз мәслихатында команданың бас жаттықтырушысы Нұрлан Ақүрепов. – Біз барлығы жақсы болады деп үміттенеміз, жәнеде Қарағандыға әсем де әсерлі бокс көрсетеміз деп уәде береміз. Қарағанды – дарындылар мекені. Мұнда бокстың нағыз жанкүйерлері тұрады. Оларға жекпе-жек ұнайды деп ойлаймын.
Бүгін сонымен қатар былғары қолғап шеберлерінің салмағын өлшеу салтанаты өтті. Оның қорытындысы бойынша супервайзер барлық боксшылардың салмақтары мәлімделген санаттарға тиесілі салмақтармен сай келгенін, жәнеде рингке жоспардағыдай шығуларына болатынын жеткізді.

Қарағандыда «Astana Arlans» және ресейлік «Patriot boxing team» командалары арасында бокстан жекпе-жектер өтеді Қарағандыда «Astana Arlans» және ресейлік «Patriot boxing team» командалары арасында бокстан жекпе-жектер өтеді Қарағандыда «Astana Arlans» және ресейлік «Patriot boxing team» командалары арасында бокстан жекпе-жектер өтеді





Мемлекеттік рәміздер
Сауалнама
Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
Сіз мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жөніндегі ақпаратты қандай дереккөзден алғанды қалайсыз? Басталу уақыты: маусым 2016
Мұрағат
Сіз бес институционалдық реформа және оны іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарымен таныссыз ба?
Басталу уақыты: ноябрь 2015
Мұрағат
Сіз көрсетілген мемлекеттік қызметтерінің сапалығына ризасыз ба? Басталу уақыты: маусым 2016
Мұрағат
Сіз Қарағандыны қаншалықты білесіз?


Цифра дня
  • Өңдеу саласындағы қазақстандық экспорттаушылар мен шетелдік сатып алушыларға арналған Портал
  • Долевое жилье без обмана
© 2005-2015Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы