На главную Размер шрифта: Цвет сайта: ↑ Наверх

Жаңалықтар


19-Мамыр-2017 - Қарқаралы ауданындағы өнеркәсіптік өндіріс көлемі 2,5 есеге өсті

 Жыл басынан бері аймақтағы өнеркәсіп орындары 3 млрд. теңгені құрайтын өнім өндірген, былтырғы жылғы осындай уақыт мерзімімен салыстырғанда өсім 261%-ға жеткен. Ол жайында Қарқаралы ауданының әкімі Халел Мақсұтов мәлімдеді. Мұндай жетістіктерге жетуге облыс орталығынан 350 шақырым қашықтықта орналасқан Теректі кентінің маңында салынған «Алтай-Полиметаллдар» ЖШС ірі кәсіпорнының іске қосылуы себепкер болып отыр.
Облыс әкімі Ерлан Қошанов жұмыскерлердің жұмыс шарттарымен және күнделікті өмірімен танысу мақсатында кәсіпорынды және тұрмыстық нысандарды аралап шықты. Естеріңізге сала кетейік, аталмыш кәсіпорында 500-ден астам адам жұмыс істейді. Жұмыскерлердің басым бөлігі жергілікті тұрғындар.
Өндіріс ошағы 2016 жылдың желтоқсанында іске қосылған болатын. Көктасжал руднигінде ашық тәсілмен құрамында мыс бар руда шығарылады. Жәнеде осы жерде байыту комбинатында мыс концентраты өндіріледі. Кәсіпорынның бір ерекшелігі – технологиялық процесстерде ішкі жану қозғалтқышынан толықтай бас тартуында. 2017 жылдың қаңтар – сәуір айларында жалпы сомасы 500 млн. теңгені құраған 1200 тонна концентрат өндірілген.
Аймақ басшысының келесі ат басын тіреген жері – Қарағайлы кенті үшін қала түзу кәсіпорын болып табылатын «Қазақмыс» корпорациясының тау-кен байыту кешені болды. Мұнда Балқаш мыс балқыту зауыты үшін мыс концентраты өндіріледі. Кенттің 5 мың тұрғындарының 700-ден астамы Қарағайлы тау-кен байыту комбинатында жұмыс істейді.
Ағымдағы жылы өндіріс көлемін ұлғайтуға және жұмысты автоматтандыруға мүмкіндік беретін қайта жаңғырту шаралары өткізіледі.
- Осы жылдың 4 ай қорытындысы бойынша жалпы экономика көлемі 9,5 млрд. теңгені құрады, - деп Халел Мақсұтов облыс басшысының алдында есеп берді. – Егер өткен жылдың осындай уақыт мерзімімен салыстырар болсақ, жоспар 103% орындалды. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2 млрд. теңге. Ауданнан мемлекеттік бюджетке 365 млн. теңге түсті.

Қарқаралы ауданындағы өнеркәсіптік өндіріс көлемі 2,5 есеге өсті Қарқаралы ауданындағы өнеркәсіптік өндіріс көлемі 2,5 есеге өсті Қарқаралы ауданындағы өнеркәсіптік өндіріс көлемі 2,5 есеге өсті Қарқаралы ауданындағы өнеркәсіптік өндіріс көлемі 2,5 есеге өсті Қарқаралы ауданындағы өнеркәсіптік өндіріс көлемі 2,5 есеге өсті Қарқаралы ауданындағы өнеркәсіптік өндіріс көлемі 2,5 есеге өсті





Мемлекеттік рәміздер
Сауалнама
Сіз мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жөніндегі ақпаратты қандай дереккөзден алғанды қалайсыз? Басталу уақыты: маусым 2016
Мұрағат
Сіз көрсетілген мемлекеттік қызметтерінің сапалығына ризасыз ба? Басталу уақыты: маусым 2016
Мұрағат
Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
Сіз бес институционалдық реформа және оны іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарымен таныссыз ба?
Басталу уақыты: ноябрь 2015
Мұрағат
Сіз Қарағандыны қаншалықты білесіз?


Цифра дня
  • Өңдеу саласындағы қазақстандық экспорттаушылар мен шетелдік сатып алушыларға арналған Портал
  • Долевое жилье без обмана
© 2005-2015Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы