На главную Размер шрифта: Цвет сайта: ↑ Наверх

Жаңалықтар


19-Мамыр-2017 - Қарағандыда кітап көрмесі ашылды

Кеншілер шаһарында мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік орталығының ғимаратында Қарағанды облысына арналған кітаптар ұсынылған ашық экспозициялар өтті. Көрмеде белгілі және көпшілік біле бермейтін қала тұрғындары, география, өңірдің өсімдік және жануарлар әлемі туралы айтатын 30 астам басылымды көруге болады.
Жеке кітаптар Ұлы Отан соғысына және майданға аттанған біздің жерлестерімізге арналған. Көрмеде сонымен бірге Карлагта мерзімін өтегендер, саяси қуғынға ұшырағандар туралы шығармалар да берілді.
– Біз бұл көрмені «100 нақты қадам» Президент бағдарламасын іске асыру үшін ұйымдастырдық», – деді көрме ұйымдастырушысы және мемлекеттік қызметшілерді дайындау өңірлік орталықтың аға оқытушысы Серік Мустафин. – Бұл бағдарламалық құжатта әрбір азаматқа еліміз туралы көбірек білуге көмектесетін Қазақстан энциклопедиясының масштабты интернет-жобасын құру туралы да айтылады. Осы кітаптар үшін аннотациялар жасауды және оларды интернетте жариялауды жоспарлаймыз. Бүгін мұнда авторларды жинадық және кітаптарын көрмеге қойдық. Ол үшін арнайы сайт құрамыз. Кейбір кітаптар желіде бар, олар біздің орталықтың сайтында орналасқан.
Электронды форматқа әзірше біздің облысымыздағы соңғы алты жылда жазылған тек тарихи және өңіртану кітаптары ғана көшіріледі.
– Мен өз кітабымды интернеттен тапқаныма өте қуаныштымын, – деді авторлардың бірі Марат Түсіпов. – Бүгін көрмеде менің екі кітабым қойылған. Әзірге «Ғасырлар ғұмырлар Ақбауыр» («Столетний Акбауыр») атты кітабым ғана электронды форматқа көшірілді. Ақбауыр – менің туған ауылым, 2015 жылы оған жүз жыл болды. Мерейтойға орай біз ауылдастар осы кітапты жаздық. Онда ауыл тарихы, тұрғындардың естеліктері, табиғат суреттері, осы ауылдың барлық оқушыларының тізімі жиналған. Бұл кітапты біз өз ақшамызға 100 дана көлемінде шығардық. Одан артыққа қаражат та жетпеді. Ал енді оны электронды форматқа көшіргенде кітапты барлық қалаушылар тегін оқып шыға алады.
 

Қарағандыда кітап көрмесі ашылды Қарағандыда кітап көрмесі ашылды Қарағандыда кітап көрмесі ашылды Қарағандыда кітап көрмесі ашылды Қарағандыда кітап көрмесі ашылды Қарағандыда кітап көрмесі ашылды





Мемлекеттік рәміздер
Сауалнама
Мемлекеттік және салалық бағдарламалардың орындалу барысы қай деңгейде?
Мұрағат
Сіз көрсетілген мемлекеттік қызметтерінің сапалығына ризасыз ба? Басталу уақыты: маусым 2016
Мұрағат
Сіз облыстағы қоғамдық-саяси жағдайға қандай баға берер едіңіз?
Мұрағат
Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметі» порталының қызметімен пайдаланасыз ба?
Мұрағат
Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
Сіз Қарағандыны қаншалықты білесіз?


Цифра дня
  • EXPO 2017
  • Облыс әкімдігінің тұрғындар алдындағы есебі
  • Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
  • Ластауыштардың шығарынылар мен тасымалдар тізілімі
  • Өңдеу саласындағы қазақстандық экспорттаушылар мен шетелдік сатып алушыларға арналған Портал
  • Долевое жилье без обмана
© 2005-2015Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы