На главную Размер шрифта: Цвет сайта: ↑ Наверх

Жаңалықтар


19-Мамыр-2017 - Қарқаралы ауданында қымызбен емдеу қызметі бар қонақ үйі ашылады

 Облыс әкімі өзінің Қарқаралы ауданына жасаған жұмыс сапары барысында жергілікті кәсіпкерлердің іс-әрекеттерімен танысып қайтты.
Қазіргі таңда ауданда екі мыңға жуық шағын бизнес субъектілері бар. Оларда үш мыңнан астам жеркілікті халық жұмыспен қамтылған. Жыл басынан бері 47 адам жеке кәсіпкер ретінде тіркелген. Сонымен қатар 4 жаңа шаруа қожалығы ашылды.
Бұрыннан жұмыс атқарып келе жатқан кәсіпкерлер өз кезегінде кәсіптерін кеңейтіп, жаңа салаларды меңгеруді жөн көріп отыр. Мысалы, ірі қара мал өсірумен айналысатын «Айса» шаруа қожалығының басшысы биылғы жылы қымызбен емдеу қызметі бар қонақ үй ашуды көздеп отыр. Бұл демалыс орнында жайлы демалып қана қоймай, сонымен бірге сауықтыру қызметтері де көрсетілетін болады.
Бүгінгі таңда Қарқаралы ауданында туристердің демалуына арналған 26 нысан жұмыс істейді. Маусым басталғанда олардың 2500 демалушыға дейін қабылдау мүмкіндіктері бар.
- Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында туристерді тарту үшін туроператорлармен ұлттық табиғи парк арасында бірлескен қызмет туралы келісім шарт жасалып, маршрут бекітілді, - деп мәлімдеді аудан әкімі Халел Мақсұтов. - Мемлекеттік ұлттық табиғи парк жанынан Визит-центр ашылды.
Ал, сапалы әрі табиғи өнімдерді бағалайтындар үшін Қарқаралыда «Балқантау» жартылай дайын өнімдер шығаратын цех жұмыс атқарады. Кәсіпорын күніне шамамен 600 келіге жуық 15 түрлі өнім шығарады. Шикізатты жергілікті мал шаруаларынан алады. Кәсіпорында өздерінің қасапханасы мен ветеринарлық зертханасы жұмыс істейді. «Балқантау» өнімдерін жақын арада Қарағанды қаласының әлеуметтік павильондарынан көруге болады.
Жалпы Қарқаралы ауданындағы шағын бизнес субъектілерінің өндіретін өнімдерінің көлемі 2017 жылдың 4 айында 7 миллиард теңгеге бағаланды.

Қарқаралы ауданында қымызбен емдеу қызметі бар қонақ үйі ашылады Қарқаралы ауданында қымызбен емдеу қызметі бар қонақ үйі ашылады Қарқаралы ауданында қымызбен емдеу қызметі бар қонақ үйі ашылады Қарқаралы ауданында қымызбен емдеу қызметі бар қонақ үйі ашылады Қарқаралы ауданында қымызбен емдеу қызметі бар қонақ үйі ашылады





Мемлекеттік рәміздер
Сауалнама
Сіз мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жөніндегі ақпаратты қандай дереккөзден алғанды қалайсыз? Басталу уақыты: маусым 2016
Мұрағат
Сіз бес институционалдық реформа және оны іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарымен таныссыз ба?
Басталу уақыты: ноябрь 2015
Мұрағат
Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
Сіз көрсетілген мемлекеттік қызметтерінің сапалығына ризасыз ба? Басталу уақыты: маусым 2016
Мұрағат
Сіз Қарағандыны қаншалықты білесіз?


Цифра дня
  • Өңдеу саласындағы қазақстандық экспорттаушылар мен шетелдік сатып алушыларға арналған Портал
  • Долевое жилье без обмана
© 2005-2015Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы