На главную Размер шрифта: Цвет сайта: ↑ Наверх

Жаңалықтар


21-Сәуір-2017 - Сәтбаевта жаздың соңына дейін 25 бес қабатты тұрғын үй салынады

 Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов жұмыс сапармен Сәтбаевқа барды. Аймақ басшысы кен орындарын қайта өңдеу кезінде құлаған аймақтағы елді мекендердің тұрғындарын көшіру үшін салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылыс барысымен танысты.
Көшіру Жезқазған, Сәтбаев қалаларын және Ұлытау ауданын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған кешенді жоспар аясында жүзеге асырылады. Сәтбаевта Жезқазған, Весовая, Крестовский және Перевалка елді мекендерінен адамдарды көшіру үшін «Нұрлы мекен» шағын аудан ашылды. 2016 жылы 805 пәтерлік 15 көп пәтерлі тұрғын үй салынып, қоныстандырылды. Шағын ауданға магистральді жылу желісі тартылды, үйлер қажетті инженерлік коммуникациялармен қамтамасыз етілді. Тұрғын үйлердің құрылысына 8,6 миллиард теңге жұмсалды. Биыл «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша шағын ауданда жаңа мектеп салынады.
Ерлан Қошанов «Нұрлы мекен» шағын ауданындағы аулалар мен пәтерлерді аралады. Сәтбаевтың әкімі Асқар Ыдырысов қоныстанушыларға көп пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы жалғасатыны туралы баяндады.
«2017 жылы «Нұрлы мекен» шағын ауданында 1150 пәтерлік тағы да 25 бес қабатты тұрғын үй салынады, инженерлік коммуникациялар тартылады. Сонымен қатар, инженерлік коммуникациялар тарта отырып, жаңа №8 шағын аудан (107 екі пәтерлі үй, немесе 214 пәтер) салу жоспарланған. Шағын ауданға жаңа электр тарату желісі тартылады, 2,8 км қосалқы станцияның құрылысы мен магистральды жылу желісінің құрылысы қарастырылған, - деп хабарлады қала басшысы. – Сонымен қатар, екі жатақхананың тұрғындарын көшіру керек. Қазақмыс корпорациясының басты жобалық институтымен жобалық-сметалық құжаттама әзірленді».
Тамыз айында 25 бес қабатты тұрғын үйдің құрылысын жүргізу жоспарланған. Шығындар 14,9 миллиард теңгені құрайды.

Сәтбаевта жаздың соңына дейін 25 бес қабатты тұрғын үй салынады Сәтбаевта жаздың соңына дейін 25 бес қабатты тұрғын үй салынады Сәтбаевта жаздың соңына дейін 25 бес қабатты тұрғын үй салынады





Мемлекеттік рәміздер
Сауалнама
Сіз көрсетілген мемлекеттік қызметтерінің сапалығына ризасыз ба? Басталу уақыты: маусым 2016
Мұрағат
Сіз бес институционалдық реформа және оны іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарымен таныссыз ба?
Басталу уақыты: ноябрь 2015
Мұрағат
Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
Сіз мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жөніндегі ақпаратты қандай дереккөзден алғанды қалайсыз? Басталу уақыты: маусым 2016
Мұрағат
Сіз Қарағандыны қаншалықты білесіз?


Цифра дня
  • Өңдеу саласындағы қазақстандық экспорттаушылар мен шетелдік сатып алушыларға арналған Портал
  • Долевое жилье без обмана
© 2005-2015Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы