На главную Размер шрифта: Цвет сайта: ↑ Наверх

Мемлекеттік қызметтер жөнінде шағымдану



 

 

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органдарының, сонымен қатар көрсетілетін қызметті ұсынушылардың және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

 

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 4 бабына сәйкес Сіздің (көрсетілетін қызметті алушы):
1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен шағымдануға;
2) мемлекеттік қызметтер көрсету саласында бұзылған құқықтарды, бостандықтар мен заңды мүдделерді қорғау туралы талап арызбен сотқа жүгінуге құқығыңыз бар.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар және шетелдік заңды тұлғалар мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасының азаматтарымен және заңды тұлғаларымен тең жағдайда алады.
Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
Шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының немесе сәйкес жергілікті атқарушы органнның, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округ басшысының атына, мемлекеттік органның мекен-жайы бойынша беріледі.
Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда немесе қолмен жеткізу арқылы көрсетілетін қызметті ұсынушының немесе сәйкес жергілікті атқарушы органнның, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің кеңсесі арқылы қабылданады.
Шағымды қабылдаудың растауы болып көрсетілетін қызметті ұсынушының немесе сәйкес жергілікті атқарушы органнның, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің кеңсесіне тіркелуі (мөртаңба, құжаттың кіріс нөмірі мен датасы) табылады.
Тіркелгеннен кейін шағым көрсетілетін қызметті ұсынушының немесе сәйкес жергілікті атқарушы органнның, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің басшысына жауапты орындаушыны анықтауға және қажетті шаралар қолдануға бағытталады.
ХҚКО қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану www.con.gov.kz интернет-ресурста көрсетілген мекен-жай мен телефондар бойынша ХҚКО басшысына бағытталады.
ХҚКО шағымды қабылдаудың растауы болып оның кеңседе тіркелуі (мөртаңба, құжаттың кіріс нөмірі мен датасы шағымның екінші данасына немесе шағымға сілтеме хатқа қойылады) табылады. Тіркелгеннен кейін шағым ХҚКО басшысына жауапты орындаушыны анықтауға және қажетті шаралар қолдануға бағытталады.
Көрсетілетін қызметті ұсынушының немесе сәйкес жергілікті атқарушы органнның, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің, ХҚКО атына келіп түскен шағым оның тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.
Шағымды қараудың нәтижесі туралы дәйекті жауап пошта байланысы арқылы немесе көрсетілетін қызметті ұсынушының, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің кеңсесі арқылы, сонымен қатар ХҚКО лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері арқылы көрсетілетін қызметті алушының қолына беріледі.
Портал арқылы берілген шағым бойынша ақпаратты бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
Шағымды көрсетілетін қызметті ұсынушыға портал арқылы «жеке кабинеттен» жіберген жағдайда көрсетілетін қызметті ұсынушының шағымды өңдеуі кезінде жаңартылып жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы, қарау немесе қараудан бас тарту жөніндегі жауап дайындауы жүктеліп отырады.
Көрсетілетін қызметті алу нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау және бағалау жөніндегі өкілетті органға www.kyzmet.gov.kz шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау және бағалау жөніндегі өкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Көрсетілетін қызметті алу нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіпте сотқа жүгінуге құқығы бар.

Мелекеттік көрсетілетін қызметті ұсынатын ұйымдардың байланыс мәліметтері

 (Байланыс мәліметін көру үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын басыңыз)

Реестр бойынша нөмірі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

00102002

Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру

00201008

Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды сенiмхат бойынша басқаратын адамдарды тiркеу

00201009

Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу

00201013

Оралман мәртебесін беру

00301003

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында таратылатын шетелдiк мерзiмдi баспа басылымдарын есепке алу

00402004

Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру

00402005

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) және жетім балаға (жетім балаларға), қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу

00402006

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және/немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына, банктерге ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу мен кәмелетке толмағандардың тиесілі мүліктеріне билік ету үшін анықтамалар беру

00402007

Кәмелетке толмағандарға меншік құқығы негізінде тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді рәсімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру

00402009

Мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және оларға консультация беру

00402010

Мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық түзеу және әлеуметтік оңалту

00403001

Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою

00403002

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау

00403003

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау

00403004

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау

00403005

Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау

00403006

Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау

00403007

Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдау

00403008

Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін тамақтандыруды ұсыну

00403009

Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру

00403010

Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру

00403011

Кемтар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға консультативтік көмек көрсету

00404001

Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау

00404002

Үйде оқитын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау

00404003

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) және жетім баланы (жетім балаларды) асырауға қамқоршысына немесе қорғаншысына жәрдемақы тағайындау

00404004

Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру

00404005

Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау

00404006

Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу

00501010

Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды нөмiрлiк тiркеу белгiлерiн бере отырып тiркеу, қайта тiркеу

00501011

Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру

00601001

Бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға тіркелу

00601002

Дәрігердің қабылдауына жазылу

00601003

Дәрігерді үйге шақыру

00601004

АИТВ-инфекциясының болуына ерікті анонимді және міндетті құпия медициналық тексерілу

00601005

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру

00601006

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру

00601007

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама беру

00601008

Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру

00602006

Денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлықтан өткізу, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттарды беру

00602011

Медициналық қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру

00602012

Фармацевтикалық қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру

00602013

Денсаулық сақтау саласында есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметтерге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру

00604001

Психоневрологиялық диспансерден анықтама беру

00604002

Наркологиялық диспансерден анықтама беру

00604003

Туберкулез диспансерінен анықтама беру

00701001

Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою

00701002

Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру

00702001

Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге  тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру, қайта ресімдеу және ұзарту

00704002

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау

00704004

Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау

00704005

Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау

00704006

Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру

00704007

Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету

00705002

Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу

00705003

Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету үшін оларға құжаттарды ресімдеу

00705004

Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу

00705005

Мүгедектерге кресло-арбалар беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу

00705006

Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшін оларға құжаттарды ресімдеу

00705007

Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет  көрсетуге құжаттар ресімдеу

00705008

Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу

00706002

Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру

00706003

Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру

00803002

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға жатақхана беру

00803006

Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру

00803007

Техникалық және кәсiптік бiлiм беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру

00803009

Орта білімнен кейінгі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау

00906001

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде сыйақы ставкаларын субсидиялауды беру

00906002

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде  кепілдіктер беру

00906003

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде гранттар беру

00906004

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету

00906005

Моноқалаларды дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде гранттар беру

00906006

Моноқалаларды дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде сыйақы ставкаларды субсидиялауды беру

00906008

Моноқалаларды дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету

00906009

Моноқалаларды дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде микрокредиттер беру

01001003

Туристік, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру

01101003

Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру

01101004

Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық байланыста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық байланыста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметiмен айналысу үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру

01101006

Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу

01101007

Тракторларға және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiне, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдеріне, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарға ауыртпалықтың жоқ (бар) екендігі туралы ақпарат ұсыну

01104004

Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы, сондай-ақ елді мекендердегі автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру

01201007

II, III және IV санаттардағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру

01201008

II, III және IV санаттардағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын беру

01202001

Жер бетіндегі су объектілері жоқ, бірақ ауыз су сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қорлары бар аумақтарда ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшін ауыз су сапасындағы жерасты суларын пайдалануға рұқсат беру

01202009

Су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру

01203001

Орман және ағаш кесу билетін беру

01204009

Облыстың жергілікті атқарушы органдарының жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнінде шешімдер қабылдауы

01205004

Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығы кепілдігі шартын тіркеу

01205008

Заңды тұлғаларда өз өндірісі барысында және құрамында түстi және (немесе) қара металл сынықтары және (немесе) қалдықтары болған мүліктік кешенді сатып алу нәтижесінде пайда болған түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және лицензиаттарға өткiзу бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру

01205016

Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалануға келісімшарт жасасу

01205018

Кең таралған пайдалы қазбаларды барлау, өндіру келісімшарттарын жасасу, тіркеу және сақтау

01205006

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда барлаумен, өндірумен байланысты емес немесе барлау, өндіру жүргізу немесе жерасты ғимараттарын салу және (немесе) пайдалану үшін берілген  жер қойнауы учаскелеріне сервитуттерді тіркеу

01205020

Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға, жер қойнауын пайдалануға құқық беру келісімшарттарын тіркеу

01301017

Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру

01301018

Ветеринариялық анықтамалар беру

01301020

Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау

01301021

Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау

01301022

Жемiс-жидек дақылдарының және жүзiмнiң көпжылдық көшеттерiн отырғызу және өсiру (оның iшiнде қалпына келтiру) шығындарының құнын субсидиялау

01301023

Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау

01301024

Элиталық тұқымдарды субсидиялау

01301025

Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына арналған шығындардың құнын субсидиялау

01301026

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау

01301027

Мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау

01301028

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау

01301029

Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын ветеринария мамандарын тіркеуді жүргізу

01301030

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірегейлендіруді жүргізу

01301031

Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау

01302002

Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру және қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру

01302003

Тұқымның сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестациялау

01302004

Бiрегей, элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушiлердi және тұқым өткiзушiлердi аттестаттау

01302005

Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру

01302006

Астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру

01302007

Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру

02101002

Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру

02101003

Ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын келісу туралы шешім беру

02201004

Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту

02201005

Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту

02201006

Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру

02201007

Iздестіру жұмыстарын жүргізу үшiн жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру

02201014

Суармалы егiстiктi суарылмайтын алқап түрлерiне ауыстыруға рұқсат беру

02302004

Мұрағаттық анықтамалар беру

02303006

Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлiк беру

02303007

Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге келісу

02501005

Спорт шеберіне кандидат, бірінші спорттық разряд, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі бірінші санатты әдіскер, бірінші санатты спорт төрешісі спорттық разрядтары мен санаттарын беру

02501006

Екінші және үшінші разрядтар, бірінші, екінші және үшінші жасөпірімдік разрядтар, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, спорт төрешісі спорттық разрядтар мен санаттарын беру

02601005

Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру

02602001

Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау бойынша анықтама беру

02602002

Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру

02602004

Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертпей, қолданыстағы үйлердегі үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру

02701001

Тұрғын үй көмегін тағайындау

02701002

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы

02701003

Мемлекеттік кәсіпорынның не мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйдің болуы (болмауы) туралы анықтама беру



Ақпаратты орналастыру: 12.02.2006
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 21.02.2017 15:15

Мемлекеттік рәміздер
Сауалнама
Сіз бес институционалдық реформа және оны іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарымен таныссыз ба?
Басталу уақыты: ноябрь 2015
Мұрағат
Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
Сіз мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жөніндегі ақпаратты қандай дереккөзден алғанды қалайсыз? Басталу уақыты: маусым 2016
Мұрағат
Сіз көрсетілген мемлекеттік қызметтерінің сапалығына ризасыз ба? Басталу уақыты: маусым 2016
Мұрағат
Сіз Қарағандыны қаншалықты білесіз?


Цифра дня
  • Өңдеу саласындағы қазақстандық экспорттаушылар мен шетелдік сатып алушыларға арналған Портал
  • Долевое жилье без обмана
© 2005-2015Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы