Размер шрифта:




Цвет сайта:

Размер шрифта:

Жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызмет көрсету бойынша есептері



Қарағанды облысының атқарушы органдарының мемлекеттік қызмет көрсетулер мәселелері бойынша 2015 жылғы жұмысы туралы
есеп

1. Жалпы ережелер.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсетулердің реестріне сәйкес Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызмет көрсетулердің 175 түрлерін көрсетеді.


2015 жылы 5 миллионға жуық (4 826 931) мемлекеттік қызмет көрсетулер көрсетілген.
Мемлекеттік қызмет көрсетулердің 57 түрлерін көрсететін Халыққа қызмет көрсету орталықтарында 2015 жылдың ішінде 135 994 мемқызмет көрсетілген.
«Электронды үкімет» веб-порталы арқылы мемқызметтің 69 түрлері көрсетіледі, ол бойынша 37 321 мемқызмет көрсетілген.
Есепті кезеңде барынша сұранысқа ие мемлекеттік қызмет көрсетулер денсаулық сақтау, ветеринария және білім беру салаларында болып табылады, атап айтқанда:
- «Дәрігердің қабылдауына жазылу» қызмет көрсетуі бойынша 2 227 928 мемлекеттік қызмет көрсету көрсетілді;
- «Дәрігерді үйге шақыру» қызмет көрсетуі бойынша 408 393 мемлекеттік қызмет көрсету көрсетілді;
- «Ауыл шаруашылығы жаунуарларын ветеринарлық паспорт берумен бірегейлендіруді жүргізу» қызмет көрсетуі бойынша 514 466 мемлекеттік қызмет көрсету көрсетілді;
- «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін құжаттар қабылдау мен ведомстволық бағыныштылығына қарамастан білім беру ұйымдарына тіркеу» қызмет көрсетуі бойынша 74 921 мемлекеттік қызмет көрсету көрсетілді.

2. Қызмет алушылармен жұмыс
Мемлекеттік қызмет көрсетулерді «бір терезе» қағидасы бойынша қолжетімді алу үшін облыста Автокөлік құралдарын тіркеу және жүргізуші куәлігін беру жөніндегі арнайы орталықты қосқанда 31 бөлім жұмыс істейді.
Шалғай селолық округтерге шығумен мемлекеттік қызмет көрсетулерге өтініштер қабылдауды іске асыру үшін GPS-навигаторлармен жарақтанған 8 ұтқыр ХҚКО құрылды.
Мүмкіндіктері шектеулі адамдарға мемлекеттік қызмет көрсету үшін ұтқыр топтар жұмыс істейді.
Мемлекеттік қызмет көрсетулерді электронды түрде пайдаланушылардың санын арттыру үшін ақпарат құралдары арқылы «электронды үкімет» бастамаларын танымал ету және электронды санды қолды жаппай таратуды қамтамасыз ету бойынша тұрақты жүйелі жұмыс жүргізіледі. 2015 жылы жергілікті ақпарат құралдарында 85 жарияланым шықты.
Қызмет алушылардың мемқызметтерді алу тәртібі туралы хабардар болу деңгейін арттыру бойынша жұмыс жүргізіледі: осы мақсатта семинар-кеңестер, «дөңгелек столдар», брифингтер, конференциялар мен басқа да іс-шаралар өткізілді. 2015 жылы барлығы осындай 408 іс-шаралар өткізілді.
Облыс әкімдігінің ресми интернет-ресурсында тиісті нормативтік құқықтық актілер (стандарттар, регламенттер), мемқызмет көрсетулердің паспорттары, оларды алу мен арыздану тәртібі туралы ақпарат, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызмет көрсетулер жөніндегі жұмысы туралы есептер орналастырылған.
Компьютерлік сауаттылықты арттыру, соның ішінде мемлекеттік қызмет көрсетулерді ақпараттық технологиямен алуды арттыру мақсатында тұрғындарды оқыту жүргізіледі. 2013-2014 жылдар кезеңінде 49 110 адам оқытылды, 2015 жылдың ішінде 12 900 адами оқытылды.
Бұған қоса, 2013 жылдан бастап Қарағанды облысының электронды қызмет көрсетулерінің порталында тұрғындарды   компьютерлік сауаттылықтың негіздеріне оқыту бойынша сервис ұйымдастырылды. Оқыту үйретуші бейне-роликтер түрінде ұйымдастырылған. Сервис жұмыс істеген мерзімнен бері оған 67 мыңнан аса рет (67 379), 2015 жылы – 23 мыңға жуық (22 964) рет жүгінген.
Нәтиже – мемлекеттік қызмет көрсетулердің мерзімдері бұзылуын елеулі төмендету. Егер 2014 жылы 733 мерзімдері бұзылуына жол берілсе, 2015 жылы – 210. Бұл ретте атап көрсету керек, осы деректерге жауапты тұлғаларға тәртіптік ықпал ету шаралары қолданылды.
Сол сияқты жүргізілетін жұмыс көрсетілетін мемқызметтердің сапасына арыздану жағдайын өзгертуге әсер етті: 2015 жылы арықздар түскен жоқ.
Бұл жұмыс тұрақты бақылау мен мониторингке алынған. Оның жүйелілігін, есептілігі мен жоспарлануын қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімі жыл сайын тиісті іс-шаралар жоспарларын бекітеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы жұмыс туралы көпшілік талқылауларға азаматтардың белсенді қатысуларын қамтамасыз ету үшін  мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері барлық деңгейдегі әкімдердің жыл сайынғы есептеріне енгізілді. Есеп беру кездесулерін өткізу барысында мемлекеттік қызмет көрсетулер бойынша ұсыныстар мен ескертулер түскен жоқ. Есептерді көпшілік тыңдауларды өткізудің нәтижелері бойынша тиісті қорытындылар дайындалып, Қарағанды облысы әкімдігінің ресми интернет-ресурсына орналастырылды.
Барлық меморгандарда және ХҚКО ғимараттарында мемқызметтер алу, оларға арыздану, алу мерзімдері туралы, сол сияқты 1414 бірегей байланыс орталығы туралы ақпарат орналастырылған.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру бойынша жұмыс


Мемлекеттік қызмет көрсетулердің үдерістерін автоматтандыруға және оларды электронды түрде көрсетудің сапасын арттыруға бірінші кезекте көңіл бөлінеді.
Денсаулық сақтау жүйесінің Бірегей ұлттық жүйесінің тұжырымдамасына сәйкес: денсаулық сақтау субьектілерін басқарудың қазіргі заманғы қағидаттарын енгізу, ақпараттық жүйе мен салалық статистиканы дамыту мақсатында 2015 жылдан бастап Қарағанды облысында барлық БМСК ұйымдарында «Кешенді медициналық ақпараттық жүйе» порталы арқылы дәрігерге жазылу мен дәрігерді үйге шақыруды электронды түрде жүзеге асыруды енгізу бойынша пилоттық жоба бастау алды.
Тұрғындарды үгіттеу үшін Медициналық күнделікті пайдалану туралы пациенттерге жадуалдар әзірленді.
Бұған қоса, облыстың жергілікті атқарушы органдары рұқсат беру құжаттарының 43 түрін береді. Рұқсат беру құжаттарын  автоматтандырумен қатар республикалық деңгейде мемқызметттерді автоматтандыру бойынша статистикалық мәліметтерді енгізу жөніндегі қосымша функционал мен пайдаланушыларды анкеталау жөніндегі функционал іске асырылды, бұл жоғарыда аталған мәліметтерді қағаз жеткізгіште ұсыну қажеттілігін жоққа шығарады. Мемлекеттік органдардың пайдаланушыларын оны одан әрі қолдану үшін осы функционалдармен жұмыс жүргізуге оқыту тұрақты негізде жүргізіледі.
Барлық облыстық басқармалар, қалалар мен аудандар әкімдіктері, соның ішінде оларға бағынышты мемлекеттік мекемелер БТЖ-мен қамтамасыз етілген.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетулердің сапасын бақылау.
Мемлекеттік қызмет көрсетулердің сапасын жақсарту мақсатында 2015 жылғы 11 мамырда облыс әкімі 2014 жылы мемлекеттік қызмет көрсетулер бойынша Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органдарының жұмысын бағалаудың қорытындылары бойынша берілген ұсынымдарды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті.
Бұған қоса, 2015 жылғы 20 шілдеде ХҚКО мен «электронды үкімет» порталы арқылы көрсетілетін қызметтер туралы тұрғындарды хабардар ету іс-шараларының жоспары бекітілді.
Мемлекеттік қызмет көрсетулердің мерзімдерін сақтауды бақылау бойынша тұрақты жүйелі жұмыс ұйымдастырылды, оларды көрсетудің сапасын ішкі бақылау жүйесін ұйымдастыру жетілдірілуде.
Мемлекеттік қызмет көрсетулерді жүзеге асыратын мамандарға түсіндіру жұмысы, консультативтік және практикалық көмек көрсету бойынша іс-шаралар тұрақты негізде жүргізіледі. 2015 жылы барлығы 38 осындай іс-шаралар өткізілді. Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органдарында сапалы мемлекеттік қызмет көрсетулер мәселелері бойынша тексерулер өткізудің жоспар-кестесіне сәйкес 2015 жылы мемлекеттік қызмет көрсетулерге қатысатын облыстық басқармаларға, қалалар мен аудандардың меморгандарына тексеру жүргізілді. Тексеру барысында консультативтік көмек көрсетілді. Тексеру мен талдаудың қорытындылары бойынша тиісті нұсқамалар берілді.
2015 жылдың есепті мерзімінде көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсетулердің жалпы санының арасынан 210 мемлекеттік қызмет көрсетулер белгіленген мерзімдердің бұзылуымен көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсетулердің стандарттары мен регламенттерінің талаптарын бұзғаны үшін  19 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

5. Мемлекеттік қызмет көрсетулердің сапасына қызмет алушылардың қанағаттандыруын арттыру мен одан әрі тиімділігінің перспективалары.
2015 жылы «Қоғамдық пікір» зерттеу институты ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі Агенттік орналастырған әлеуметтік тапсырыс аясында мемлекеттік қызмет көрсетулердің сапасына қоғамдық мониторинг жүргізді.
Әлеуметтік зерттеу барысында 39 мемлекеттік қызмет көрсетулер бойынша 8327 респондентке сауалнама жүргізілді.
Әлеуметтік зерттеу Әкімдіктің бес мемлекеттік қызмет көрсетулері – «II, III  IV санаттағы нысандар үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру», «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау», «Жер телімінің мақсатты арналуын өзгертуге шешім беру», «18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» және «Облыстық және аудандық маңыздағы жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының бөлінген аймағында жарнама орналастыру стационарлық нысандарында сыртқы (визуалдық) жарнамасын орналастыруға рұқсат беру» бойынша жүргізілді.
2015 жылы жоғарыда аталған қызметтерді көрсетуге өтініш білдірген респонденттердің сауалнамасының қорытындысы бойынша қанағаттану көрсеткіші 81% құраған.
Жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызмет көрсетулерге, соның ішінде электронды форматта одан әрі қамтамасыз ету мақсатында 2016 жылы мемлекеттік қызмет көрсетулерді ХҚКО мен «электронды үкімет», «электронды лицензиялау» порталдары арқылы алу мүмкіндіктері туралы түсіндіру жұмысы жалғасатын болады.
Мемлекеттік органдар қызметкерлері мен қызмет алушылардың байланыстарын барынша азайтуды қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қызмет көрсетулер ресімдеулерін баламалы негізде ХҚКО арқылы алуға ауыстыру бойынша жұмыс жалғасады.
Ішкі бақылауды, құқықтық жалпыға міндетті оқулар мен семинарларды өткізу кезінде мемлекеттік қызмет көрсетулердің стандарттары мен регламенттерін түсіндіру бойынша жұмыс жалғасатын болады.



Ақпаратты орналастыру: 23.12.2005
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 26.04.2016 15:33

Мемлекеттік рәміздер
Сауалнама
Сіз Қарағандыны қаншалықты білесіз?


Сіз бес институционалдық реформа және оны іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарымен таныссыз ба?
Басталу уақыты: ноябрь 2015
Мұрағат
Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
Сіз көрсетілген мемлекеттік қызметтерінің сапалығына ризасыз ба? Басталу уақыты: маусым 2016
Мұрағат
Сіз мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жөніндегі ақпаратты қандай дереккөзден алғанды қалайсыз? Басталу уақыты: маусым 2016
Мұрағат
Цифра дня
  • Өңдеу саласындағы қазақстандық экспорттаушылар мен шетелдік сатып алушыларға арналған Портал
  • Долевое жилье без обмана
© 2005-2015Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы