На главную Размер шрифта: Цвет сайта: ↑ Наверх

Қарағанды облысының консультативтік-кеңесу органдарының жұмысы туралы ақпарат



Қарағанды облысында құрылып, жұмыс істеп тұрған консультативтік-кеңесу органдары (ККО)

 

р/с

ККО атауы, төрағасы, жауаптылар

ККО құрудың нормативтік негіздемесі

Бекітілді

Қызметі

  1.  

Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес

Төраға:
Қарағанды облысының әкім Қошанов Е.Ж.

ҚР Үкіметінің 06.05.2000 № 683 және 27.07.2000
№ 1140 қаулылары

Облыс әкімдігінің 17.09.2013 №56/17 қаулысы

Діни бірлестіктермен жұмыс жөніндегі кеңес өз қызметін облыстың мемлекеттік органдарымен, діни, басқа да қоғамдық бірлестіктерімен өзара әрекет етумен жүзеге асырады.
Кеңестің негізгі мақсаты діни бірлестіктермен өзара әрекет ете отырып, дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу мен іске асыру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу, қоғамда рухани келісімді нығайту мен конфессияаралық қатынастарды үйлестіру болып табылады.
Кеңестің негізгі міндеттері облыстағы діни ахуалды жан-жақты және объективті зерделеу мен байыту және талдау, діни бірлестіктер арасында өзара түсінушілік пен шыдамдылықты нығайту және оларға консультативтік көмек көрсету болып табылады.

  1.  

Қала құрылысы кеңесі

Төраға:
Қарағанды облысының әкім Қошанов Е.Ж.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңының 27 бабының 1 тармағының 21) тармақшасы

Облыс әкімдігінің 13.03.2013 №04/02 қаулысы

Кеңес Қарағанды облысы әкімдігінің қала құрылысы және сәулет саясатын іске асыру, облыс аумағында құрылыс саласында қолданылатын жобалардың сапасын арттыру мақсатында құрылды.
Кеңестің негізгі міндеттері облыс аумағын ұйымдастырудағы кешенді қала құрылысын жоспарлаудың жобаларын қарастыру, негізгі қағидалар мен міндеттер бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу болып табылады.

  1.  

Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия

Төраға:
Қарағанды облысының әкім Қошанов Е.Ж.

ҚР Үкіметінің 12.11.2003 № 1131 қаулысы

Облыс әкімдігінің 27.01.2004 №01/08 қаулысы

Комиссия мемлекеттік рәміздерді зерделеу, насихаттау мен қолдану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыр, мемлекеттік стильді қалыптастыру мен оны қолдану тәжірибесін жинақтау бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі орган болып табылады.
Комиссия облыстың қалалары мен аудандарының әкімдері жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссиялардың жұмысын үйлестіреді және бақылайды.
Комиссияның отырысы облыс әкімінің төрағалығымен өткізіледі.

  1.  

Террорға қарсы комиссия

Төраға:
Қарағанды облысының әкім Қошанов Е.Ж.

 

Облыс әкімдігінің 23.07.2013 №46/04 қаулысы

Қарағанды облысы әкімдігі жанындағы ТҚК негізгі міндеттеріне төменгі тұрған комиссиялардың жұмысын үйлестіру, терроризм профилактикасы кезінде практикалық және әдістемелік көмек көрсету, оның зардаптарын азайту және (немесе) жою, сол сияқты террорлық тұрғыдан осал нысандардың террорға қарсы қорғалуын жақсарту бойынша жағдайды зерттеу, мәселелерге талдау жасау, іс-шаралар әзірлеу жатады. Қазіргі уақытта кадрлық өзгерістерге байланысты ТҚК құрамына өзгерістер енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде.

  1.  

Жастар істері жөніндегі облыстық кеңес

Төраға:
Қарағанды облысының әкім Қошанов Е.Ж.

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» ҚР Заңы
ҚР Білім және ғылым министрлігінің 23.04.2015. бұйрығы

Облыс әкімдігінің 02.12.2015 №68/10 қаулысы

 Кеңес өзінің жұмысын мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру және ведомствоаралық өзара іс-әрекеттердің тиімділігін арттыру бойынша ұсынымдар даярлау мақсатында жүзеге асырады.
Мемлекеттік жастар саясатының басым бағыттарын іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу, мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қатысты басқа да мәселелерді талқылау Кеңестің негізгі міндеттері болып табылады.
Сол сияқты Кеңес мемлекеттік органдар мен жастар пікірлері көшбасшыларының арасындағы диалог алаңы ретінде қызмет етеді.

  1.  

Қарағанды облысы әкімі жанындағы ТЖ алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссия

Төраға:
Қарағанды облысының әкім Қошанов Е.Ж.

«Азаматтық қорғаныс туралы» ҚР Заңының 7 бабының 6 тармағы

Облыс әкімдігінің 25.06.2014 №32/06 қаулысы

Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиялар азаматтық қорғаныстың республикалық және аумақтық деңгейлерінде құрылады.
Қарағанды облысының аумағында облыс әкімі Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссияның төрағасы, облыс әкімінің орынбасары және Қарағанды облысының ТЖ жөніндегі департаментінің бастығы комиссия төрағасының орынбасарлары болып табылады.
Облыстың, қалалар мен аудандардың төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияларының жұмысына қатысты.
Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның жұмысы тұрғындарды, әлеуметтік және өндірістік инфрақұрылымды төтенше жағдайлардан қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған.

  1.  

Құқық бұзушылықтардың профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия

Төраға:
Қарағанды облысының әкім Қошанов Е.Ж.

«Құқық бұзушылықтардың профилактикасы туралы» ҚР Заңы

Облыс әкімдігінің 22.02.2011 №06/08 қаулысы

Ведомствоаралық комиссияның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) құқық бұзушылықтар профилактикасы субьектілерінің жұмысын үйлестіру;
2) құқық бұзушылықтар профилактикасы субьектілері жұмысының тиімділігін бағалау;
3) құқық бұзушылықтар профилактикасы туралы Қазақстан Республикасы заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
4) құқық бұзушылықтар профилактикасы саласындағы бағдарламалық құжаттардың орындалу барысын қарастыру;
5) адамның және азаматтың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру, құқық бұзушылықтарға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою бойынша шаралар қабылдау;
6) құқық бұзушылықтар профилактикасы мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметіне, тиісті жергілікті өкілетті және атқарушы органдарға ақпараттық материалдарды дайындау мен жөнелту.

  1.  

Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі өңірлік комиссия

Төраға:
Қарағанды облысының әкім Қошанов Е.Ж.

«Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» ҚР Заңы

Облыс әкімдігінің 11.02.2008 № 03/07 қаулысы

Ведомствоаралық комиссияның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес пен Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономикаға қарсы стратегиясының орындалу барысын талдау, орындалатын іс-шаралардың нәтижелілігін бағалау;
2) тұрғындарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясат, сыбайлас жемқорлыққа және сыбайлас жемқорлық көріністерінің профилактикасы туралы тұрақты түрде хабардар ету;
3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңызды мәселелері бойынша қоғамдық ұйымдармен өзара бірлесе іс-әрекет ету.

  1.  

Облыстық бюджеттік комиссия

Төраға:
Қарағанды облысының әкім Қошанов Е.Ж.

ҚР Бюджеттік кодексінің 57, 58 баптары

Облыс әкімдігінің 17.03.2010 №07/03 қаулысы (13.02.2015 №06/01)

Бюджеттік комиссия бюджеттің жобасын тиісті уақытында және сапалы әзірлеу және бюджетті орындау мен нақтылау мақсатында құрылады және өзінің қызметін тұрақты негізде жүзеге асырады.
Бюджеттік комиссиялардың құзыретіне мыналар кіреді:
1) әлеуметтік-экономикалық дамудың болжамы бойынша ұсыныстар әзірлеу;
1-1) бюджеттік бағдарламалар шығыстарының лимиттері мен жаңа бастамаларға лимиттер бойынша ұсыныстар әзірлеу;
2) бюджеттер жобаларының көрсеткіштерін анықтау бойынша ұсыныстар әзірлеу;
3) республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдерінің қысқаруын немесе шығыстарының артуын қарастыратын нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша ұсыныстар әзірлеу;
4) бюджеттерді нақтылау бойынша ұсыныстар әзірлеу;
5) бюджеттік мониторингтің, жүргізілген нәтижелерді бағалаудың нәтижелерін қарастыру және олар бойынша ұсыныстар әзірлеу;
6) осы Кодекспен, сол сияқты бюджеттік комиссиялар туралы ережелермен қарастырылған басқа да құзыреттер.

  1.  

Қарағанды облысын үдемелі индустриалдық дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесі

Төраға:
Қарағанды облысының әкім Қошанов Е.Ж.

 

Облыс әкімдігінің 09.07.2009 №1048 қаулысы(2.02.2011 №04/12)

Үйлестіру кеңесі кәсіпкерле іске асыратын жобаларының бизнесті дамыту мен қолдаудың «Бизнестің жол картасы-2020» бірегей бағдарламасы өлшемдеріне сәйкестігін қарастырады және кредиттер бойынша сыйақыларды субсидиялау, кредиттер бойынша жекелей кепілдеу, гранттар ұсыну және өндірістік инфрақұрылымның құрылысы немесе реконструкциясы бойынша қаржылай көмек көрсету мүмкіндігін(немесе мүмкін еместігін) қарастырады.

  1.  

Инфляциялық үдерістерді тежеу жөніндегі облыстық штаб

Төраға:
Қарағанды облысының әкім Қошанов Е.Ж.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңы

Облыс әкімінің 07.07.2012 №72ө өкімі (өзгерту 18.04.2013)

Инфляциялық үдерістерді тежеу жөніндегі облыстық штаб облыста азық-түлік тауарларына, азық-түліктік емес тауарларға және ақылы қызметтерге бағалардың негізсіз өсуіне жол бермеуге облыста жүргізілетін жұмысқа байланысты құрылды.
Сол сияқты 5 жұмыс топтары құрылды: азық-түлік тауарларына бағалардың өсуін ұстау бойынша; көлік және байланыс саласында; коммуналдық қызмет көрсетулер саласында; білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларындағы ақылы қызметтер мен медикаменттерге; азық-түліктік емес тауарлар мен ЖЖМ-ға.  

  1.  

Инвестициялар тарту мен өңірдің инвестициялық ахуалын жақсарту жөніндегі кеңес

Төраға:
Қарағанды облысының әкім Қошанов Е.Ж.

ҚР Президентінің 25.12.2015. №143 Жарлығы

Облыс әкімінің 19.01.2016 №05ө өкімі

Кеңес жұмысының мақсаты өңірдегі инвестициялық жағдайды жақсарту, Қарағанды облысының аумағында экономикалық, әлеуметтік дамыту мен инвестициялық жобаларды іске асыруға ықпал ету болып табылады.
Кеңестің негізгі міндеттері әкімшілік кедергілерді азайту, облысты дамытудың басым бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлеу, инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша ұсынымдар әзірлеу болып табылады.

  1.  

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласында түсіндіру жөніндегі өңірлік штаб құрамын бекіту туралы

 

Төраға:
Қарағанды облысының әкім Қошанов Е.Ж.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 28.07.2016. семинар-кеңесінің хаттамасы

Облыс әкімінің 05.08.2016 № 114ө өкімі

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласында түсіндіру жөніндегі штаб (әрі қарай – Штаб) аудандардың (облыстық маңыздағы қалалардың, республикалық маңыздағы қала ауданының, астанадағы ауданның) жергілікті атқарушы органдарының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын түсіндіру жұмысын келесі бағыттар бойынша үйлестіру мақсатында ұйымдастырылды: міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу; елдегі демографиялық жағдайға барынша әсер ететін аурулардың 5 тобы бойынша медициналық көмектің біріктірілген үлгісін енгізу; тұрғындарды жұмыспен қамту деңгейін арттыру; әлеуметтік көмек көрсету жүйесін жаңғырту; зейнетақымен қамтамасыз ету.

  1.  

Қарағанды облысының ғылым, инновациялар мен жаңа технологиялар жөніндегі кеңесі

Төраға:
Қарағанды облысының әкім ошанов Е.Ж.

ҚР Президентінің 6.09.2016. №315, 1.03.2016 №205 Жарлықтары

Облыс әкімдігінің 30.05.2017 №32/05 қаулысы

Кеңес жұмысының мақсаты Қарағанды өңірінің ғылыми, ғылыми-техникалық, білім және инновациялық саясатын практикалық іске асыру тетіктерінің басты қағидаларын әзірлеу болып табылады.
Кеңестің негізгі міндеттері фундаменталдық және қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын жасақтау, облыстың ғылыми-техникалық әлеуетін пайдаланумен әлеуметтік-экономикалық және экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған білім беру саласындағы мемлекеттік ғылыми-техникалық және инновациялық саясаттың маңызды мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

  1.  

Қарағанды облысы әкімдігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі комиссия

Төраға:
Қарағанды облысының әкім Қошанов Е.Ж.

ҚР Кәсіпкерлік кодексі, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңы

Облыс әкімдігінің 20.04.2017 №24/02 қаулысы

Комиссияның басты мақсаты кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау саласында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын қалыптастыру мен іске асыру мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу болып табылады.
Комиссияның негізгі міндеттері бизнесті жүргізу үшін жағдайларды жақсарту, әкімшілік кедергілерді азайту және облыстың инвестициялық тартымдылығын арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

  1.  

Иесіз оқ-дәрілер мен қаруларды анықтау мен жою жөніндегі комиссия

Төраға:
Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ляпунов А.В.

Мемлекет басшысының оқ-дәрілер мен қаруларды тауып алуға қатысты (шектулі қолжетімді ақпарат)

Облыс әкімінің 28.10.2014 №130ө өкімі
(24.07.2015 № 91ө)

шектулі қолжетімді ақпарат

  1.  

Кепілдік/сақтандыру сыйақысы бойынша комиссияның бір бөлігін субсидиялауға заемшылардың өтінімдерін қарастыру мәселелері жөніндегі комиссия

Төраға:
Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Мамалинов Ш.Қ.

ҚР АШМ  30.01.2015 № 9-1/71 бұйрығымен бекітілген ереже

Облыс әкімінің 5.11.2014 №134ө өкімі (өзгерту 26.08.2015 № 110ө)

Комиссия – тұрақты жұмыс істейтін орган, оған займдарды кепілдеу мен сақтандыру кезінде субсидиялау ұсынуға/бас тартуға шешімдер қабылдау өкілеттілігі берілген.
Комиссияның құзыретіне тауар өндірушілер көрсеткен тиесілі субсидиялардың көлемдерін, облыс бойынша жиынтық актіні анықтау, субсидиялау бағыттары бойынша қаражатты қайта бөлу мен субсидия көлемдерін өзгерту кіреді.
Комиссия отырыстың қорытындысы бойынша тауар өндірушілерге тиесілі субсидиялардың көлемдерін көрсетумен облыс бойынша жиынтық акт жасайды.
Комиссия ұсынған жиынтық актінің негізінде облыс бойынша субсидиялар төлеу жүзеге асырылады.

  1.  

Инвестициялық субсидиялау мәселелері жөніндегі комиссия

Төраға:
Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Мамалинов Ш.Қ.

ҚР АШМ 7.09.2016. № 9-3/726 бұйрығымен бекітілген ереженің 11 тармағы

Облыс әкімінің 19.01.2016 №06ө өкімі

Инвестициялық субсидиялау мәселелері жөніндегі комиссия – инвесторлардың өтініштерін қарастыру және инвестициялық субсидиялар ұсыну/ұсынбау туралы шешімдер қабылдау үшін тұрақты жұмыс істейтін коллегиялық орган.
Бұл комиссия инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіп кешендері субьектілері тартқан шығындардың бөлігін қайтаруды субсидиялау бағдарламасын іске асыру үшін қажет.

  1.  

Мал шаруашылығын субсидиялау мәселелері жөніндегі облыстық комиссия

Төраға:
Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Мамалинов Ш.Қ.

ҚР АШМ 19.11.2014. № 3-1/600 бұйрығымен бекітілген ереженің 11 тармағы

Облыс әкімінің 20.01.2016 №08ө өкімі

Комиссияның құзыретіне тауар өндірушілер көрсеткен тиесілі субсидиялардың көлемдерін, облыс бойынша жиынтық актіні анықтау, субсидиялау бағыттары бойынша қаражатты қайта бөлу мен субсидия көлемдерін өзгерту кіреді.
Комиссия отырыстың қорытындысы бойынша тауар өндірушілерге тиесілі субсидиялардың көлемдерін көрсетумен облыс бойынша жиынтық акт жасайды.
Комиссия ұсынған жиынтық актінің негізінде облыс бойынша субсидиялар төлеу жүзеге асырылады.

  1.  

Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын басқару жөніндегі комиссия

Төраға:
Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Мамалинов Ш.Қ.

 ҚР Үкіметінің 9.10.2012. № 1280 қаулысымен бекітілген ереженің 3,4,5 тармақтары

Облыс әкімінің 02.03.2012 №22ө өкімі (өзгерту 24.05.2012)

Өңірде бағаларддың деңгейі өсіп, агроазық-түлік нарығына реттеуші әсер ету жағдайында Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын басқару жөніндегі комиссия облыс (республикалық маңыздағы қала, астан) әкіміне тауарлық интервенция жасау туралы шешім қабылдауды ұсынады.
Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қоры – агроазық-түлік нарығына реттеуші әсер ету және облыс аумағында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін құрылған азық-түлік тауарларының жедел қоры.

  1.  

Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы өңірлік үйлестіру кеңесі

Төраға:
Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әбішев Ж.А.

ҚР Үкіметінің 16.01.2012. №64 қаулысы

Облыс әкімдігінің 28.06.2012 №31/02 қаулысы (өзгерту 08.10.2014 №54/01)

Отырыс жарты жылда 1 рет өткізіледі.
Отырыстарда мүмкіндіктері шектеулі адамдарды жұмысқа орналастыру, әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының мүгедектерге қолжетімділігі бойынша бейімделу және паспортталу мәселелері қарастырылады.
Үйлестіру кеңесі жұмысының қорытындылары бойынша мыналар бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірленді:
- мүгедектерді оңалту бағдарламасында көзделген іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;
- мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты, заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру;
- жергілікті атқарушы органдардың жұмысын үйлестіру, мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша аумақтық және басқа ұйымдармен, қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-әрекет етуді қамтамасыз ету.

  1.  

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы

 

Төраға:
Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әбішев Ж.А.

ҚР Президентінің 6.12.2013. № 250 өкімі, ҚР Үкіметінің 5.03.2014. № 181 қаулысы

Облыс әкімінің 22.04.2014 №47ө өкімі

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы (әрі қарай – конкурс) адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға отбасы мен некенің оң бейнесін насихаттауға, отбасы мәәртебесін арттыруға арналған.
Конкурсты өткізудің мақсаты: отбасы, адамгершілік, руханият институтын нығайту; ата-аналардың балалар тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру; отбасылық құндылықтарды көрсету мен кеңінен насихаттау.

  1.  

Бұқаралық ақпарат құралдары мәселелері жөніндегі кеңес

Төраға:
Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әбішев Ж.А.

Қарағанды облысы БАҚ форумының 26.06.2012. №1 хаттамасы,
ҚР ПӘ бекіткен Қазақстанның ішкі саясатындағы идеологиялық менеджментті жаңғырту жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспары (ҚБП)

Облыс әкімдігінің 11.09.2012 №42/05 қаулысы

Кеңестің негізгі міндеті мемлекеттік ақпарат саясаты, сол сияқты ақпараттық қауіпсіздік, БАҚ саласындағы заңнама мен қоғамдық қатынастарды жетілдіру, мемлекеттік органдармен өзара іс-әрекет ету мен әріптестік жүйесін жақсарту, БАҚ-ын мемлекеттің ақпараттық саясатын құру мен іске асыруға тарту, отандық БАҚ-ын дамыту үшін оңтайлы жағдай жасау бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

  1.  

Өнімді жұмыспен қамту мен жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі өңірлік комиссия

Төраға:
Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әбішев Ж.А.

ҚР Үкіметінің 29.12. 2016. № 919 қаулысы

Облыс әкімдігінің 10.03.2017 №16/03 қаулысы

Өнімді жұмыспен қамту мен жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі өңірлік комиссия:
1) кадрларды ТиПО талабына сәйкес даярлау мен қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды іске асыру үшін білім беру ұйымдары мен мамандықтар тізбелерін келіседі;
2) білім беру ұйымдарында қысқа мерзімді кәсіптік оқытудың бағасын белгілейді;
3) ХҚҰ операциялық шығыстарын субсидиялауға қаражатты бөлу туралы шешім қабылдайды;
4) облыстық, қалалық және аудандық маңыздағы жергілікті атқарушы органдардың Бағдарламаны іске асыру туралы есептерін тыңдайды;
5) Бағдарламаны іске асыру бойынша тетіктерді жақсарту жөнінде, сол сияқты Бағдарламаны іске асыруды тексерудің нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою мен алдын алу жөнінде ұсынымдар әзірлейді.

  1.  

Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен қамтамасыз ету жөніндегі комиссия

Төраға:
Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әбішев Ж.А.

ҚР Президентінің Жарлығы, ҚР Үкіметінің 15.05.12. № 620 қаулысы

Облыс әкімдігінің 05.11.2015 №64/01 қаулысы

Комиссияда қарастырылады:
1) аудандық (қалалық, облыстық маңыздағы қалалық) шақыру комиссияларының жұмысына басшылық пен бақылауды жүзеге асыру;
2) азаматтарды әскери қызметтен шақыруды кейінге қалдыруды және босатуды ұсынуды, соның ішінде бейбіт уақытта әскери қызметке шақыруға жарамсыз, соғыс уақытында шектеулі жарамды және әскери есептен шығарумен әскери қызметке жарамсыз деп танылған барлық шақырылушылардың жеке істерін тексеру;
3) әскери қызметке шақырылған азаматтарды қызмет орнына жолдар алдында, әскери үйретілген резервтің даярлау бағдарламасы бойынша оқуға түскендерді және әскери оқу орнына түсетіндерді медициналық тексеруді ұйымдастыру;
4) олардың әскери жарамдылығы (жарамсыздығы) туралы қорытындымен келіспейтіні туралы айтқан азаматтарды қайтадан медициналық куәландыруды өткізу;
5) аудандық (қалалық, облыстық маңыздағы қалалық) шақыру комиссияларының шешімдеріне шағымданға азаматтардың арыздарын қарастыру;
6) аудандық (қалалық, облыстық маңыздағы қалалық) шақыру комиссияларының шешімдерін жою.

  1.  

Жасөспірімдердің істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия

Төраға:
Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әбішев Ж.А.

«Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қараусыз қалуының алдын алу туралы» ҚР Заңы
ҚР Үкіметінің 11.06.2001 №789 қаулысымен бекітілген үлгі ереже

Облыс әкімдігінің 1.31.2004 №24/06 қаулысы

Жасөспірімдер істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы және балалардың қараусыз қалуы мен қаңғыбастығының алдын алу саласындағы мемлекеттік органдар мен мекемелердің жұмысын үйлестіруді, кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін тұрақты жұмыс істейтін коллегиялық орган болып табылады.
Комиссия кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы және балалардың қараусыз қалуы мен қаңғыбастығының алдын алу саласындағы мемлекеттік органдар мен мекемелердің жұмысын үйлестіруді, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді. Қалалық және аудандық комиссиялардың жұмысын үйлестіреді.

  1.  

Техникалық және кәсіби білім беру мен кадрлар даярлауды дамыту жөніндегі кеңес

Төраға:
Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әбішев Ж.А.

ҚР Үкіметінің 31.07.2008. №730 қаулысымен бекітілген іс-шаралар жоспары
ҚР 1.03.2016.№ 205
Мемлекеттік бағдарламасы

Облыс әкімдігінің 18.01.2010 № 01/02 қаулысы

Кеңес Қарағанды облысы әкімдігі жанындағы техникалық және кәсіби білім беруді дамыту мен кадрлар даярлау мәселелерін үйлестіретін консультативтік-кеңесу органы болып табылады. Кеңес жұмысының мақсаты әлеуметтік әріптестік, жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын даярлау мен қайта даярлау бойынша мемлекеттік саясатқа ықпал ету болып табылады.

  1.  

Жергілікті атқарушы орган жанындағы қылмыстық жазалау және қылмыстық-құқықтық әсер ету шараларын орындайтын органдар мен мекемелердің жұмысына, сол сияқты қылмыстық жазасын атқарған тұлғаларға әлеуметтік және басқа көмекті ұйымдастыруға ықпал ету жөніндегі консультативтік-кеңесу органы

 

Төраға:
Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әбішев Ж.А.

ҚР Үкіметінің 21.07.2014. №808 қаулысы.
ҚР ІІМ министрінің 28.11.2014. №853 бұйрығы

Облыс әкімдігінің 25.02. 2015 №08/05 қаулысы

Консультативтік-кеңесу органының негізгі міндеттері мыналар бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады:
1) қылмыстық жазалау мен қылмыстық-құқықтық әсер ету шараларын атқаратын қылмыстық-орындаушылық жүйенің органдары мен мекемелерінің жұмысына ықпал ету;
2) заңнамаға сәйкес қылмыстық-орындаушылық жүйенің кәсіпорындарынан тауарлар (жұмыс, қызмет көрсету) сатып алуға тапсырыстар орналастыру;
3) бас еркінен айыру түрінде қылмыстық жазасын атқаратын адамдарды жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында сотталғандардың жұмыс істеуін ұйымдастыру, соның ішінде коммуналдық қызметтер мен кәсіпорындардың қажеттіліктері үшін қылмыстық-орындаушылық жүйенің мекемелерінің жанынан өндірісті дамыту;
4) қылмыстық-орындаушылық жүйенің мекемелері мен кәсіпорындарын сотталғандарды заңнамаға сәйкес жұмысқа пайдалану жолымен өңірлік және жергілікті маңыздағы мәселелерді шешуге тарту;
5) бас еркінен айырылғандармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру;

  1.  

Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі облыстық комиссия

Төраға:
Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әбішев Ж.А.

ҚР Президентінің 29.11.2005 № 1677 Жарлығымен бекітілген Стратегия

Облыс әкімдігінің 11.12.2015 №462 қаулысы

 Облыстық Комиссияның жұмыс жоспары ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның жылдық жұмыс жоспарына сәйкес жасалады және бекітіледі. Жұмыс жоспарына сәйкес Комиссияның отырыстарында әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, балалар үйлеріне балама ретінде балаларды отбасында тәрбиелеу, саяси көшбасшы мектептерінің жұмысы, кәмелетке толмағандарды адамгершілік-жыныстық тәрбиелеу мен ерте жүктіліктің алдын алу, тұрмыстық зорлық құрбандарының дағдарыс орталықтарының жұмысы, әйелдерді діни ағарту бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы бойынша қабылданатын шаралар туралы мемлекеттік органдар басшыларының есептері тыңдалады. Қалалық және аудандық комиссиялардың жұмысына, өткізілетін «Зорлыққа жол жоқ!» акцияларына талдау жасалады, мүгедек әйелдерді жұмысқа орналастыру туралы есептер мен қоғамдық бірлестіктердің оң жұмыс тәжірибесінің мысалдары және басқа да көптеген мәселелер тыңдалады.

  1.  

«Облыстың құрметті азаматы» атағын беру қолдаухаттарын қарастыру жөніндегі комиссия

Төраға:
Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әбішев Ж.А.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңы

Облыс әкімінің 15.07.2013 №86ө өкімі

«Облыстың құрметті азаматы» атағын беру азаматтардың көп жылғы жұмысын, олардың қабілетін, дарынын, бастамашылдығы мен жауапкершілігін қоғамдық танудың көрінісі болып табылады.
«Облыстың құрметті азаматы» атағы азаматтардың қоғамдық белсенділігін арттыруға, олардың облысты экономикалық және әлеуметтік дамыту бойынша жұмыстағы күш-жігерін ынталандыруға бағытталған.
Атақты беру туралы қолдаухатты облыс әкімі құрған комиссия қарастырады.
Атақты беру тәртібіне сәйкес комиссияның төрағасы облыс әкімінің орынбасары лауазымынан төмен тұлға болмауы керек.

  1.  

Қарағанды облысы әкімі орынбасары жанындағы адам саудасына қарсы қылмыстармен күрес, профилактикасы және алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия

Төраға:
Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әбішев Ж.А.

ҚР Үкіметінің 28.01.2015. №23 қаулысы

Облыс әкімдігінің 4.02.2015 №05/07 қаулысы

Ведомствоаралық комиссияның негізгі міндеттері мыналар бойынша ұсыныс әзірлеу болып табылады: мақта алқаптарында, темекі плантациялары мен құрылыс нысандарында заңсыз еңбек мигранттары мен балалар еңбегін қанаудың мәжбүрлеу жұмысының алдын алуға; адамдар саудалаудың құрбандарына күн сайын нақты көмек көрсететін коммерциялық емес (үкіметтік емес) қоғамдық ұйымдарға мемлекеттік қаржылық және басқа көмек көрсетуді жалғастыру, соның ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында және осындай көмек көрсету тәжірибесін жетілдіру бойынша шаралар қабылдауға; өтініш білдірген адамдар саудалаудың құрбандарына сапалы және қолжетімді медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруды қамтамасыз етуге.

  1.  

Тұрғындардың денсаулығын қорғау мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесі

Төраға:
Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әбішев Ж.А.

ҚР Президентінің 29.11.2010. № 1113 Жарлығы, ҚР Үкіметінің 29.01.2011. № 41 қаулысы

Облыс әкімдігінің 11.1.2010 №32/03 қаулысы

Кеңестің басты мақсаты жергілікті атқарушы органдар мен басқа да органдардың тұрғындардың денсаулығын қорғау мәселелері бойынша, соның ішінде тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің тізбесіне кірмейтін іс-шараларды өткізуде кешенді ұстанымды (сектораралық және ведомствоаралық) талап ететін өзара іс-әрекетін қамтамасыз ету болып табылады.

  1.  

Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссия

Төраға:
Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әбішев Ж.А.

ҚР Үкіметінің 28.10.2006. №1025 қаулысы, Мемлекеттік тіл саясатын жетілдіру жөніндегі Комиссияның 29.11.2006. № 24-5/007-501 хаттамасы

Облыс әкімдігінің 10.11.2009
№ 29/07 қаулысы

Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссия (әрі қарай - Комиссия) ҚР Президентінің мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІІ сессиясында берген тапсырмаларын іске асыру және мемлекеттік тіл саясатын іске асыру, мемлекеттік тілді енгізудің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін құрылған.

  1.  

Облыстық ономастикалық комиссия

Төраға:
Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әбішев Ж.А.

«Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» ҚР Заңы, «Әкімшілік-аумақтық орналасу туралы» ҚР Заңы, ҚР Үкіметінің 21.01. 2005. № 45 қаулысы

Облыс әкімдігінің 28.12.2010 № 39/30 қаулысы

Облыстық ономастикалық комиссия (әрі қарай - Комиссия) селолық өңірлердің елді мекендерді, құрамдас бөлімдерін атау және қайта атау жөніндегі ұсыныстарын қарастырады.
ҚР ономастика саласындағы қолданыстағы заңнамасына сәйкес Комиссия аудандық маңыздағы елді мекендер мен құрамдас бөлімдерді атау және қайта атау жөніндегі мәселелер бойынша шешімдер қабылдау үшін қажет.

  1.  

Үкіметтік емес ұйымдармен әріптестік және өзара әрекет ету жөніндегі кеңес

Төраға:
Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әбішев Ж.А.

ҚР Үкіметінің 17.03.2003 №253 қаулысы

Облыс әкімдігінің 25.11.2003 №18/23 қаулысы

Үкіметтік емес ұйымдармен әріптестік және өзара іс-қимыл ету жөніндегі кеңес (әрі қарай - Кеңес) үкіметтік емес ұйымдардың дамуы мен қалыптасуына, мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары тарапынан өзара іс-әрекет ету мен қолдау негізінде қоғамның әлеуметтік маңызды мәселелерін шешудегі ролін күшейтуге ықпал ету мақсатында құрылды.
Кеңестің негізгі міндеттері мыналар болып табылады: облыс әкімдігі мен үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимыл етуінің оңтайлы жолдарын іздестіру; үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттің әлеуметтік саясатын іске асыруға тарту, үкіметтік емес ұйымдар әзірлеген әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыруға көмек көрсету.

  1.  

Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үштарапты комиссия

Төраға:
Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әбішев Ж.А.

ҚР Еңбек кодексі (3 бөлім, 13 тарау)

Облыс әкімдігінің 30.12.2013 № 76/08 қаулысы

Еңбек ұжымдарындағы наразылықтың алдын алу, оның қарсылық акциясына ұласып кетуіне жол бермеу, сол сияқты әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу, әлеуметтік тұрақтылық пен қоғамдық келісімді қамтамасыз етуге ықпал ету мақсатында облыста Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үштарапты комиссия жұмыс істейді, ол тараптардың шешімі бойынша 1995 жылы құрылған.

  1.  

Оралмандардың мәселелері жөніндегі комиссия

Төраға:
Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әбішев Ж.А.

ҚР Еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау министрінің 22.07.2013. № 328-Ө-М бұйрығымен бекітілген 29.01.2016. №68 мемлекеттік қызмет көрсету стандарты

Облыс әкімінің 23.07.2012 № 96ө өкімі

Бұл комиссия көші-қон саясатын жетілдіру және Қарағанды облысына келген оралмандарға бейімдеу мен интеграциялық қызметтер көрсету мақсатында құрылған.

  1.  

Қарағанды облысының дағдарысқа қарсы штабы

Төраға:
Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әбішев Ж.А.

ҚР Еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау министрінің 29.01.2014. № 20-ө бұйрығы

Облыс әкімдігінің 28.05.2014 № 25/06 қаулысы

Штабтың міндеттері мыналар болып табылады:
1) әлеуметтік шиеленіске жол бермеу, жұмысшыларға еңбекақы төлеуге, міндетті зейнетақы жарналарын аударуға, міндетті кәсіподақ зейнетақы жарналары мен әлеуметтік төлемдерді аударуға байланысты проблемалық мәселелерді анықтау, болжау және шешу;
2) еңбек инспекциясы басқармасының, жұмыспен қамтатамасыз етуді және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының, Қарағанды облысы бойынша салық департаментінің, Қарағанды облысы бойынша сот актілерін орындау жөніндегі департаменттің, ішкі істер органдарының, прокуратураның жұмыс берушілердің еңбекақы, міндетті зейнетақы жарналары, кәсіподақ зейнетақы жарналары мен әлеуметтік төлемдер бойынша берешектері болуына жол бермеу.

  1.  

Облыс әкімі орынбасары жанындағы бірыңғай ұлттық тестілеуді өткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға ықпал ету жөніндегі комиссия

Төраға:
Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әбішев Ж.А.

Ағымдағы және қорытынды аттестациялауды өткізудің үлгі ережесі (жыл сайын)

Облыс әкімінің өкімі (жыл сайын)

Он бір жылдан бері мектептер түлектерінің білім сапасын бағалау мақсатымен республикада бірыңғай ұлттық тестілеу түрінде тәуелсіз сыртқы бақылау жүргізіледі. Бірыңғай ұлттық тестілеуді ұйымдастыру мен өткізу мәселесі облыс әкімінің тұрақты бақылауына алынған.

  1.  

Мемлекеттік органдардың нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы әрекет етуге бағытталған жұмысын үйлестіру жөніндегі өңірлік ведомствоаралық штаб

Төраға:
Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әбішев Ж.А.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңы

Облыс әкімдігінің 14.06.2016 №41/03 қаулысы

Мақсаттары мен міндеттері:
- нашақорлықпен есепте тұрған және есірткіге тәуелді адамдардың санын азайту;
- диспансерлік есепте тұрғандардың санын, соның ішінде әйелдер мен кәмелетке толмағандардың үлесін азайту;
- нашақорлықтың алдын алу бағдарламасын іске асыратын жалпы білім беру мекемелерінің үлесін арттыру;
- тіркелген жалпы қылмыстар ішінен есірткі қылмыстарының үлесін арттыру;
- анықталған контрабанда деректерінің санын арттыру;
- тіркелген жалпы қылмыстар ішінен есірткіге мастану жағдайында жасалған қылмыстардың үлесін арттыру;
- жастарды профилактикалық іс-шараларға белсенді түрде тарту;
- қылмыстық істерді тергеу барысында есірткі бизнесінен табыстарды жариялау бойынша құжатталған деректерді бекіту;
- тәркіленген есірткілер санын (кг), соның ішінде героин санын арттыру;
- анықталған жалпы есірткі қылмыстары ішінен есірткі сатуға байланысты қылмыстардың үлесін арттыру.

  1.  

Облыстық эвакуациялау комиссиясы

Төраға:
Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әбішев Ж.А.

ҚР ІІМ министрінің 06.03.2015. № 190 бұйрығы

Облыс әкімдігінің 05.06.2015 №30/02 қаулысы

Комиссияның негізгі міндеттері мыналар болып табылады: облыс тұрғындарын орналастыру мен эвакуациялауды жоспарлауды және жүргізуді тікелей іске асыру; эвакуациялау органдарының тұрақты өзара әрекетін қамтамасыз ету.

  1.  

Мемлекеттік наградалар жөніндегі жұмыс тобы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңы,
«ҚР мемлекеттік наградалары туралы» ҚР Заңы,
«ҚР мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңы

Облыс әкімінің 13.06.2013 №70ө өкімі

Жұмыс тобына келесі міндеттер жүктеледі:
1) ҚР мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы ұсынымдарды, наградаларға құқықтарды қалпына келтіру, жоғалған орден кітапшаларының орнына дубликаттар беру туралы қолдаухаттарды қарастыру;
2) ҚР мемлекеттік наградалары туралы заңнаманың сақталуын бақылауға, наградалау тәжірибесін зерттеу мен жинақтауға қатысу.

* Өңірдің инновациялық кластерлерін дамыту жөніндегі ғылыми-техникалық кеңес (облыс әкімдігінің 26.04.2013 жылғы №23/08 қаулысы) Кеңестер құрамы мүшелерінің 70% астамы өзгеруіне байланысты облыс әкімдігінің 2017 жылғы 30 мамырдағы № 32/05 қаулысымен күші жойылған деп танылған.



Ақпаратты орналастыру: 22.06.2016 16:53
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 12.06.2017 13:30

Мемлекеттік рәміздер
Сауалнама
Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
Сіз көрсетілген мемлекеттік қызметтерінің сапалығына ризасыз ба? Басталу уақыты: маусым 2016
Мұрағат
Сіз мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жөніндегі ақпаратты қандай дереккөзден алғанды қалайсыз? Басталу уақыты: маусым 2016
Мұрағат
Сіз бес институционалдық реформа және оны іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарымен таныссыз ба?
Басталу уақыты: ноябрь 2015
Мұрағат
Сіз Қарағандыны қаншалықты білесіз?


Цифра дня
  • Өңдеу саласындағы қазақстандық экспорттаушылар мен шетелдік сатып алушыларға арналған Портал
  • Долевое жилье без обмана
© 2005-2015Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы