Размер шрифта:




Цвет сайта:

Размер шрифта:

Мiндеттердi бөлiсу



Қарағанды облысы әкiмінің,
әкім орынбасарларының және облыс әкiмi аппараты басшысының арасындағы мiндеттердi бөлiсу

 

Қарағанды облысының әкімі
Әбдібеков Н.Қ.

Әкiмдік қызметіне басшылықты жүзеге асырады.
Мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының жай-күйіне жауапкершілік алады.
Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігімен және Үкіметімен, мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынаста облыс мүддесін ұстанады.
Қазақстан Республикасының Президентіне тиісті тұлғаларды мемлекеттік наградалармен марапаттау, құрметті және өзге де атақтар беру туралы ұсыныс енгізеді.
Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) әкімдіктері мен әкімдерінің жұмысын үйлестіреді.
Облыстық мәслихаттың бекітуіне әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару сызбасын ұсынады.
Мына комиссиялар мен басқа да консультативтік-кеңес органдарын басқарады: бюджеттік, шағын және орта бизнесті дамыту, Қарағанды облысы әкімі жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері жөніндегі комиссияны, құқық бұзушылықтардың алдын алу, сыбайлас жемқорлықпен күрес, мемлекеттік рәміздер жөніндегі ведомствоаралық комиссияларды, Қазақстан халқының Ассамблеясын, Үдемелі индустриалды-инновациялық даму жөніндегі Үйлестіру кеңесін, Қала құрылысы кеңесін, Жастар ісі жөніндегі кеңесті, облыс әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңесті, Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының директорлар кеңесін, өңірдің инновациялық кластерлерін дамыту жөніндегі ғылыми-техникалық кеңесті, Қарағанды облысының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясын басқарады, сол сияқты мемлекеттік сатып алуды бірегей ұйымдастырушы ұйымдастырған және өткізген жағдайда конкурстық немесе аукциондық комиссияның төрағасы болады.
Өз құзыреті шегінде жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру мәселелері бойынша заңнаманы орындауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының кәсіпорындарды, кен орындарын және мемлекеттік меншіктің басқа да нысандарын жекешелендіру, жалға беру, сату мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдармен тең дәрежеде контрактілерге қол қоюға, сондай-ақ олардың орындалуына бақылау жасауға қатысады.
Кең таралған пайдалы қазбаларға контрактілерге қол қоюға, сол сияқты олардың орындалуын бақылауға Қазақстан Республикасының өкілетті мемлекеттік органдарымен тең дәрежеде қатысады.
Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарының барлық аумақтық бөлімшелерінің келісімді жұмыс істеуін, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға басшылықты қамтамасыз етеді.
Мына тұлғаларды: облыс әкімінің орынбасарларын, облыс әкімі аппаратының басшысын, аудандар (облыстық маңыздағы қалалар) әкімдерін – жоғары тұрған уәкілетті мемлекеттік органдармен келісім бойынша, аппарат басшысының орынбасарын, облыс әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындайды және одан босатады.

 

Облыс әкімінің қаржы-экономикалық мәселелер, құрылыс,
көлік және коммуникациялар жөніндегі
бірінші орынбасары
Дүйсебаев А.Ж.

Экономика, бюджеттік жоспарлау, жергілікті бюджеттің орындалуы, коммуналдық меншікті басқару саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді.
Бюджеттің кіріс бөлігін жасақтау, жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу, бюджеттің орындалуы бойынша басшылықты жүзеге асырады.
Облыстық басқармалардың тиісті министрліктерде сәйкес кезеңге даму басымдылықтарына сай инвестициялық жобаларды келісу жөніндегі жұмысын, сондай-ақ жетекшілік жасайтын салаларда бюджеттік қаржыларды мақсатты, тиімді және дер кезінде игеру жөніндегі жұмысты үйлестіреді.
Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамдарын түзуді, облыстық даму бағдарламаларын іске асырудың бағалау көрсеткіштерін әзірлеуді, сондай-ақ экономикалық және бюджеттік жоспарлау кезінде стратегиялық мақсаттар мен басымдықтарды түзуді үйлестіреді.
Коммуналдық меншікті басқару, сол сияқты облыс аумағындағы құрылыстар мен екінші нысандарға мекенжайлар беру, бекіту мәселелеріне жетекшілік жасайды.
Құрылыс, тұрғын үй бағдарламасы, көлік салаларын дамытуға, автомобиль жолдарын жөндеуге, қалпына келтіруге және ұстауға жауап береді.
Облыстың елді мекендерінің сәулеттік келбетін бақылау және келісу туралы жұмыстарды үйлестіреді, барлық меншік түріндегі нысандарда құрылыс жұмыстарының жүру барысында, көлік пен коммуникацияны реформалау мен оңтайландыру бөлігінде заңдылықтың сақталуын бақылауды жүзеге асырады.
Жетекшілік жасайтын салаларда инфляцияға қарсы шаралар қабылдайды.
Мына комиссиялар мен басқа да консультативтік-кеңес органдарын басқарады: облыстық бюджеттен қаржыланатын атқарушы органдар қызметінің тиімділігін жыл сайын бағалау жөніндегі өңірлік сараптама комиссияны, көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі комиссияны, инфляциялық процесстерді тежеу жөніндегі облыстық штаб пен жетекшілік ететін салалардағы жұмыс тобын.
Жетекшілік жасайтын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметті сапалы көрсетуіне жауап береді.
Облысішілік диспропорция мәселелерін үйлестіруге және шешуге жауапты болып табылады.
Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар:
1) Қарағанды облысының экономика және қаржы басқармасының;
2) Қарағанды облысының мемлекеттік активтер мен сатып алу басқармасының;
3) Қарағанды облысының құрылыс басқармасының;
4) Қарағанды облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының;
5) Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының қызметіне жалпы бақылау жасауды жүзеге асырады.
Орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері:
1) Қарағанды облысының салық департаментінің;
2) Қарағанды облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясының;
3) Қарағанды облысы бойынша қазынашылық департаментінің;
4) «ҚР Ұлттық банкі» Қарағанды филиалының;
5) Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік мүлік және жекешелендіру «Сарыарқа» аймақаралық департаментінің;

  1. Қарағанды облысының статистика департаментінің;
  2. Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінің;
  3. Қарағанды облысы бойынша «Сарыарқа» өңіраралық көлік бақылау инспекциясының;
  4. Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі комитеттің Қарағанды облысы бойынша ақпараттандыру және байланыс жөніндегі инспекцияның қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді.

Келесі құқық қорғау және арнайы органдармен бірлесе іс-әрекет етуді жүзеге асырады:

  1. Қарағанды облысы бойынша ҰҚКД;
  2. Қарағанды облысының прокуратурасымен;
  3. Қарағанды облыстық сотымен;
  4. Қарағанды облысының ішкі істер департаментімен;
  5. Қарағанды облысы бойынша экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес жөніндегі департаментпен (қаржы полициясы);
  6. Қарағанды облысы бойынша сот актілерін орындау жөніндегі департаментпен;
  7. Қарағанды облысының Әділет департаментімен;
  8. Қылмыстық жазаны атқару Комитеті Қарағанды облысының департаментімен;
  9. ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және арнайы есеп Комитетінің Қарағанды облысының басқармасымен.

Келесі заңды тұлғалар:
1) «Қазақтелеком» АҚ Қарағанды облысының ОТД филиалымен;
2) «Қазақстан Теміржолы» ҰК АҚ Қарағанды теміржол бөлімшесімен;
3) «ҚазАвтоЖол» АҚ Қарағанды филиалымен;
4) «Казахавтодор» РМК-мен;
5) «Қазпошта» АҚ Қарағанды облыстық филиалымен;
6) Қарағанды облысының ХҚКО-мен өзара іс-әрекетті қамтамасыз етеді.
Көлік және байланыс кәсіпорындарымен өзара іс-әрекетті қамтамасыз етеді.

 

Облыс әкімінің өнеркәсіп,
шағын және орта бизнесті дамыту, индустриализация
және инвестиция мәселелері жөніндегі орынбасары
Кәрібеков М.С.

Экономиканың өнеркәсіп секторын дамыту мәселелеріне жетекшілік жасайды. Өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметіне мониторинг жасауды, олардың жұмыс тиімділігін талдау мен өңірде бар резервтерді анықтауды қамтамасыз етеді.
Өңірдің индустриалдық-инновациялық белсенділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеуді қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриалды-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасын (жобаларды жүзеге асыру барысына мониторинг және бақылау, нысандарды тиісті уақытында іске қосу мен олардың жобалық қуатына шығуын қамтамасыз ету, Индустриализациялау картасына енгізу үшін жобаларды іздестіру және іріктеу, Үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бойынша өңірлік үйлестіру кеңесінің жұмысын ұйымдастыру) іске асыру мәселелеріне жетекшілік жасайды.
Инвестициялар тарту, инвестициялық бағдарламалар әзірлеу, мемлекеттік және өңірлік инвестициялық жобаларды іске асыру жұмысын ұйымдастырады.
Облыстық басқармалардың тиісті министрліктерде сәйкес кезеңге даму басымдылықтарына сай инвестициялық жобаларды келісу жөніндегі жұмысын, сондай-ақ жетекшілік жасайтын салаларда бюджеттік қаржыларды мақсатты, тиімді және дер кезінде игеру жөніндегі жұмысты үйлестіреді.
Сыртқыэкономикалық қызмет мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастырады және үйлестіреді.
Инновацияларды дамыту саласындағы жұмысты, «Өнімділік-2020», «Экспортер-2020», «Инвестор-2020», «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламаларын іске асыруды үйлестіреді.
«Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағын дамыту мәселесіне жетекшілік жасайды.
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі заңнаманы орындауды, сондай-ақ қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау, сақтау, қайта ұқсату және өткізу жөніндегі қызметті лицензиялауды қамтамасыз етеді.
Қазақстандық мазмұнды арттыру бойынша шараларды іске асыруды қамтамасыз етеді.
Шағын және орта бизнесті, сауда, туризмді дамыту, бизнес-қауымдастықтың мемлекеттік органдармен өзара байланыс жасау, кәсіпкерлер үшін әкімшілік кедергілерді азайту мәселелеріне жетекшілік жасайды.
Мына комиссиялар мен басқа да консультативтік-кеңес органдарын басқарады: жер қойнауын пайдалану жөніндегі конкурстық және сараптама комиссиясын, облыстың инвестициялық және инновациялық жобаларын қарастыру жөніндегі сараптама комисссиясын, жалпы таралған пайдалы қазбаларға құқық ұсыну жөніндегі жұмыс тобын, жетекшілік жасайтын салаларда инфляциялық процестерді тежеу жөніндегі жұмыс тобын.
Жетекшілік жасайтын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметті сапалы көрсетуіне жауап береді.
Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың:
Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасының;
Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының қызметін жалпы бақылауды жүзеге асырады.
Орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің:
Қарағанды облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің;
ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Орталық Қазақстан геология және табиғатты пайдалану өңіраралық департаментінің (ОрталықҚазжерқойнауы);
Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің;
Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау жөніндегі Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша аймақаралық инспекциясының жұмысын үйлестіруді жүзеге асырады.
Келесі шаруашылық жүргізуші субьектілерді басқаруға қатысады:
1) «Сарыарқа» ӘКК ҰК» АҚ;
2) «Мемлекеттік-жеке әріптестік Қарағанды орталығы» АҚ;
3) «Караганда-Инвест» АҚ.

 

Облыс әкімінің әлеуметтік мәселелер және ішкі саясат,
тұрғындарды әлеуметтік қорғау және жұмысқа орналастыру
мәселелері жөніндегі орынбасары
Әбішев Ж.А.

Қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттік егемендікті нығайту, қоғамдық процестерді демократияландыру және қоғамды біріктіру жөніндегі мемлекеттік саясатты, Қарағанды облысының аумағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатының міндеттерін, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын, тұрғындарды әлеуметтік қорғау және мүгедектерді оңалту мәселелерін іске асыруға жауапты.
Аймақтық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асырады, мемлекеттік тапсырысты орындау жөніндегі аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін үйлестіруді жүзеге асырады.
Облыстық басқармалардың тиісті министрліктерде сәйкес кезеңге даму басымдылықтарына сай инвестициялық жобаларды келісу жөніндегі жұмысын, сондай-ақ жетекшілік жасайтын салаларда бюджеттік қаржыларды мақсатты, тиімді және дер кезінде игеру жөніндегі жұмысты үйлестіреді.
Мектепке дейінгі, жалпы орта, ортадан кейінгі орта және жоғары кәсіптік білім беруден кейінгі техникалық, мектептен тыс тәрбие, мұрағат ісі, мәдениет пен өнер, жастар саясаты, дене тәрбиесі және спорт, тілдерді дамыту, жастар саясаты салаларындағы мемлекеттік және мемлекеттік емес секторлардың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады.
Дәрілік заттарды өндіру, дайындау, көтерме және бөлшек саудамен өткізу қызметін, денсаулық сақтау жүйесіндегі есірткі, психотропты заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметті лицензиялау Ережесінің орындалуын қамтамасыз ету мәселелерін қарастырады.
Қоғамдық-саяси және ұлттық-мәдени орталықтардың қызметін үйлестіреді.
Қазақстан халқы Ассамблеясының, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат, кәмелетке толмағандар істері, ономастика, мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру, тұрғындардың денсаулығын қорғау, ҰБТ өткізу бойынша жұмысты ұйымдастыруға ықпал ету, наградалар, мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу жөніндегі облыстық комиссиялардың, үкіметтік емес ұйымдармен әріптестік және бірлесе әрекет ету, бұқаралық ақпарат құралдары мәселелері, қылмыстық жазалау және басқа да қылмыстық-құқықтық әсер ету шараларын орындайтын мекемелердің қызметіне ықпал ету, сол сияқты қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және басқа көмектерді ұйымдастыру жөніндегі кеңестердің, жетекшілік жасайтын салаларда инфляциялық процестерді тежеу жөніндегі жұмыс тобының мәселелерін шешеді.
Тұрғын халықты әлеуметтік қорғау мәселесі бойынша орталық атқарушы органдармен байланыс жасауды жүзеге асырады.
Атқарушы органдардың тұрғындарды әлеуметтік қорғау және жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша жұмысын үйлестіреді.
Тұрғын халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, көші-қон саясаты, зейнетақымен қамтамасыз ету, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтегендерге әлеуметтік және өзге де көмек көрсетуді ұйымдастыру мәселелерін шешеді.
Эвакуациялық комиссияға, әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша облыстық үштарапты комиссияға, әлеуметтік-еңбек қатынастарын жаңғыртуға, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын іске асыруға, оралмандар мәселелеріне, мүгедектерді әлеуметтік қорғау жөніндегі үйлестіру кеңесіне, азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі жұмыс тобына, техникалық және кәсіби білім беру мен кадрлар даярлауды дамыту жөніндегі кеңеске басшылықты жүзеге асырады.
Жәрдемақылар мен басқа да әлеуметтік төлемдердің барлық түрлерінің уақытында және толық төленуін ұйымдастырады.
Мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру, нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес, құқықтық жаппай оқу, діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды үйлестіреді.
Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, мұрағат ісі, ішкі және жастар саясаты, дене тәрбиесі және спорт, тілдерді дамыту, тұрғындарды әлеуметтік қорғау мен жұмысқа орналастыру салаларындағы аймақтық бағдарламаларды іске асыруға жауапты болып табылады.
Демографиялық саясат мәселелерін шешеді.
Облыстың Қазақстан Республикасының аймақтарымен, ТМД және алыс шетелдермен мәдени байланыстарын дамытады.
Облыс аумағындағы елді мекендер мен жер атауларын беру, қайта атау мәселелеріне жетекшілік жасайды. Әкімшілік-аумақтық бірліктерді, жер атауларын «Мекенжай регистрі» мемлекеттік ақпараттық жүйесіне толтыру және маңыздандыру қызметін үйлестіреді.
Жетекшілік жасайтын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметті сапалы көрсетуіне жауап береді.
Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың:
Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасының;
Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының;
3) Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының;
4) Қарағанды облысының білім беру басқармасының;
5) Қарағанды облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасының;
6) Қарағанды облысының тілдерді дамыту басқармасының;
7) Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының;
8) Қарағанды облысының дін істері жөніндегі басқармасының;
9) Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының;
10) Қарағанды облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының қызметіне жалпы бақылау жасауды жүзеге асырады.
Орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің:
Қарағанды облысы бойынша білім беру саласындағы бақылау департаментінің;
2) Қарағанды облысы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің;
3) медициналық қызметтерге ақы төлеу Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің;
3) медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау Комитеті департаментінің;
4)мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің;
5) Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің;
6) Қарағанды облысы бойынша қорғаныс істері жөніндегі департаменттің қызметін үйлестіруді жүзеге асырады.
Зейнетақы мен жәрдемақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың облыстық филиалымен, жоғары оқу орындарымен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, «Ардагерлер ұйымы» РҚҰ-ның облыстық филиалымен өзара іс-әрекетті қамтамасыз етеді.

 

Облыс әкімінің ауыл шаруашылығы
жөніндегі орынбасары
Мамалинов Ш.Қ.

Селолық аумақтарды дамытуға жауапты болып табылады, ауыл шаруашылығын және АӨК дамыту, жер қатынастары, табиғатты пайдалану жұмыстарын, сол сияқты қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша заңнаманың орындалуын үйлестіреді.
Облыстық басқармалардың тиісті министрліктерде сәйкес кезеңге даму басымдылықтарына сай инвестициялық жобаларды келісу жөніндегі жұмысын, сондай-ақ жетекшілік жасайтын салаларда бюджеттік қаржыларды мақсатты, тиімді және дер кезінде игеру жөніндегі жұмысты үйлестіреді.
Азық-түлік ресурстарын жинақтау және тиімді пайдалану, дамыту, тамақ, қайта ұқсату және сауда кәсіпорындарының жұмысына бақылау жасауды ұйымдастырады.
Жетекшілік жасайтын салаларда инфляцияға қарсы шаралар қабылдайды.
Атқарушы органдар мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің аграрлық өндірісті, селодағы тіршілік деңгейін тұрақтандыру және өсіру жөніндегі жұмысын үйлестіреді.
Аграрлық секторда жануарлар мен өсімдіктерді ерекше қауіпті зиянкестер мен аурулардан қорғау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.
Жанар-жағар май материалдарымен, тұқымдармен жеңілдікпен қамтамасыз ету жолымен ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді мемлекеттік қолдау тетігін жетілдіреді.
Облыстың агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселесі бойынша орталық атқарушы органдармен байланыс жасауды жүзеге асырады.
Жер телімдерін беру, азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын басқару, субсидиялар алушы ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінің тізімін бекіту бойынша мәселелерді қарастыру жөніндегі комиссияларға, жетекшілік жасайтын салаларда инфляциялық процестерді тежеу жөніндегі жұмыс тобын басшылық жасауды жүзеге асырады.
Жетекшілік жасайтын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметті сапалы көрсетуіне жауап береді.
Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың:
Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасының;
Қарағанды облысының жер қатынастары басқармасының;
3) Қарағанды облысының табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының қызметіне жалпы бақылау жасауды жүзеге асырады.
Орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің:
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК аумақтық инспекциясының;
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау Комитетінің аумақтық инспекциясының;
Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық жер инспекциясының;
Орман және аң шаруашылығы Комитетінің Қарағанды облысы бойынша орман және аң шаруашылығы аумақтық инспекциясының;
Балық шаруашылығы Комитетінің Қарағанды облысы бойынша Нұра-Сарысу облысаралық бассейн инспекциясының;
6) Су ресурстарын пайдалануды және қорғауды реттеу жөніндегі Нұра-Сарысу бассейн инспекциясының;
7) Қарағанды облысы бойынша экология департаментінің қызметіне жалпы бақылауды жүзеге асырады.
«Сарыарқа» ӘКК ҰК» АҚ-мен, «Қарағанды гидрометеорология орталығы» ЕМК-мен, «Каз АГРО» ҰБХ» қаржылық институттарымен өзара іс-әрекетті қамтамасыз етеді.

 

Облыс әкімінің энергетика,
коммуналдық шаруашылық және ТЖ жөніндегі орынбасары
Ляпунов А.В.
.

Энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты: жылумен, электрмен, сумен, газбен жабдықтауды дамытуға жауапты болып табылады.
Су шаруашылығы мақсатындағы, инженерлік-коммуналдық инфрақұрылым нысандарына құрылыс және қайта жаңғырту жоспарларының орындалуын үйлестіреді.
Облыстық басқармалардың тиісті министрліктерде сәйкес кезеңге даму басымдылықтарына сай инвестициялық жобаларды келісу жөніндегі жұмысын, сондай-ақ жетекшілік жасайтын салаларда бюджеттік қаржыларды мақсатты, тиімді және дер кезінде игеру жөніндегі жұмысты үйлестіреді.
Баға және тариф саясатын қалыптастыруға, арам ниетті бәсекелестік фактілерін болдырмауға және монополиялық қызметті шектеуге қатысады. Жетекшілік жасайтын салаларда инфляцияға қарсы шаралар қабылдайды.
Облыстың елді мекендерін нормативтерге сәйкес қысқы жағдайларда жұмыс істеуге дайындау жөніндегі жұмысқа басшылықты жүзеге асырады.
Мына комиссиялар мен басқа да консультативтік-кеңес органдарын басқарады: төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияға, инфляциялық үдерістерді тежеу жөніндегі жұмыс тобына, жылыту маусымын дайындауды және өткізуді ұйымдастыру жөніндегі жұмыс тобына басшылық жасайды.
Аймақты сұраныстарға сәйкес электр, жылу энергиясымен қамтамасыз етудің тепе-теңдігіне жауап береді.
Авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды ұйымдастыру және жою бойынша іс-шараларды жүзеге асырады.
Жетекшілік жасайтын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметті сапалы көрсетуіне жауап береді.
Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар:
1) Қарағанды облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының қызметіне жалпы бақылауды жүзеге асырады.
Орталық атқарушы органдар аумақтық бөлімшелері:
1) ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің;
2) ҚР ТЖМ Қарағанды облысының төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің;
3) ҚР ИжЖТМ коммемэнергоқадағалау аумақтық инспекциясының қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді.
Энергетика және ТКШ кәсіпорындарымен өзара іс-әрекет етуді қамтамасыз етеді.

 

Облыс әкімі аппаратының басшысы
Ысқақов Ж.М.

Аппараттың облыс әкімдігі, әкімі қызметін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысына басшылық жасауды жүзеге асырады.
Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеуге қатысады.
Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, әкімдік қаулыларын, облыс әкімінің шешімдері мен тапсырмаларын уақытында орындау жөніндегі жұмысты және бақылауды қамтамасыз етеді.
Облысты басқарудың сызбасын, облыс әкімі аппаратының, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын облыстық басқармалардың құрылымын әзірлейді. Атқарушы органдарда сандық құрамның бекітілген лимиттері сақталуына бақылау жасауды қамтамасыз етеді.
Белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметшілерді конкурстық іріктеуді ұйымдастыруға және өткізуге қатысады.
Облыс әкімі аппаратының аттестациялық және бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға іріктеу жөніндегі конкурстық комиссияларын басқарады.
Облыс әкімінің аппаратын штат кестесіне сәйкес талап етілетін кәсібі, біліктілігі және мамандығы бар мемлекеттік қызметшілердің қажетті санымен уақытында жасақтауды қамтамасыз етеді.
Дербес құрамды пайдалану үдерісін талдайды, оңтайландыру, кәсіби шеберлікті және кадрларды пайдалану тиімділігін арттыру жөнінде шаралар әзірлейді, олардың іске асырылуына бақылау жасайды.
Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру мен қайта даярлау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. Кадрлар даярлау, қалалар мен аудандар әкімдерін, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың бірінші басшыларын алмастыру жөнінде ұсыныстар енгізу жүйесін әзірлейді және іске асырады.
Бөлімдердің жұмысымен байланысты құжаттарды дайындауды, іс жүргізудің жедел және дұрыс жүргізілуін қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
Облыстың мемлекеттік органдарының кадр саясатын қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметшілер резервін жасақтау жөніндегі қызметін үйлестіреді.
Облыс әкімдігінің, облыс әкімінің актілерін дайындау және олардың орындалуын ұйымдастыру, мемлекеттік және орындаушылық тәртібін қамтамасыз ету бөлігінде жергілікті атқарушы органдардың және мемлекеттік басқарудың орталық органдары аумақтық өкілдіктерінің, ведомстволардың қызметін үйлестіреді.
Облыс әкімдігінің аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) әкімдерімен жұмысының өзара әрекетін, облыс әкімдігі мен әкімінің Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен және Премьер-Министрі Кеңсесімен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді.
«Электронды әкімдіктің» жұмысын, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын мониторингтау мен бақылау жұмысын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.

 

Облыс әкімдігі басшылығының
келесі өзара алмасушылығы белгіленеді:

Әбдібеков Н.Қ.

-

Дүйсебаев А.Ж.

Дүйсебаев А.Ж.

-

Ляпунов А.В.

Ляпунов А.В..

-

Мамалинов Ш.Қ.

Мамалинов Ш.Қ.

-

Кәрібеков М.С.

Кәрібеков М.С.

-

Әбішев Ж.А.

Әбішев Ж.А.

-

Ысқақов Ж.М.



Ақпаратты орналастыру: 08.11.2007
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 12.01.2017 16:25

Мемлекеттік рәміздер
Сауалнама
Сіз Қарағандыны қаншалықты білесіз?


Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
Сіз мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жөніндегі ақпаратты қандай дереккөзден алғанды қалайсыз? Басталу уақыты: маусым 2016
Мұрағат
Сіз көрсетілген мемлекеттік қызметтерінің сапалығына ризасыз ба? Басталу уақыты: маусым 2016
Мұрағат
Сіз бес институционалдық реформа және оны іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарымен таныссыз ба?
Басталу уақыты: ноябрь 2015
Мұрағат
Цифра дня
  • Өңдеу саласындағы қазақстандық экспорттаушылар мен шетелдік сатып алушыларға арналған Портал
  • Долевое жилье без обмана
© 2005-2015Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы