На главную Размер шрифта: Цвет сайта: ↑ Наверх

Бірінші басшылардың өмірбаян деректері



Бірінші басшылардың өмірбаян деректері 

Ерлан Жақанұлы Қошанов,
Қарағанды облысының әкімі

1962 жылы Қарағанды облысында туған. 1984 жылы Қарағанды политехникалық институтын бітірді. 1999 жылы – Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірді.
Институт бітірген соң Жезқазған кен-металлургия комбинаты байыту фабрикасының слесары, шебері болып істеді.
1988-1990 жж. – жұмыскер және ауыл жастары бөлімінің нұсқаушысы, Қазақстан ЛКЖО Жезқазған облыстық жастар проблемаларының әлеуметтік-экономикалық бөлімінің меңгерушісі.
1990-1995 жж. – Жезқазған облыстық комитетінің сыртқы экономикалық байланыс комитетінің жетекші маманы, бөлім бастығы, басшының орынбасары.
1995 ж. – Жезқазған облыстық комитетінің сыртқы экономикалық байланыс комитетінің төрағасы.
1995-1999 жж. – Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты.
1999-2001 жж. – Қазақстан Республикасының Парламентіндегі ҚР Үкіметінің өкілі.
2001-2003 жж. – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары – Қазақстан Республикасының Парламентіндегі ҚР Үкіметінің өкілі.
2003-2006 жж. – Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі.
2006-2007 жж. – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің азаматтық авиация комитетінің төрағасы.
2007-2012 жж. – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары – Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісіндегі ҚР Үкіметінің өкілі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары – Қазақстан Республикасының Парламентіндегі ҚР Үкіметінің өкілі.
2012 жылғы 2 ақпандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы болып тағайындалды.
2017 жылғы 14 наурызынан бастап – Қарағанды облысының әкімі.
«Парасат» (2013), «Құрмет» (2007) ордендарымен және мерейтойлық медальдарымен марапатталды.
Қазақ, орыс, неміс тілдерін меңгерді.

 

 

Асылбек Жексенбайұлы Дүйсебаев
Облыс әкімінің қаржы-экономикалық мәселелер, құрылыс, спорт және денсаулық жөніндегі бірінші орынбасары

1979 жылы туған. Білімі жоғары. 2001 жылы С.Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университетін «Экономист-менеджер» мамандығы бойынша тәмамдады.
Еңбек жолын 1998 жылы «Агроцентр-Астана» ЖШС-да тексеруші ревизор болып бастады.
2002 жылы Астана қаласы әкімдігі аппаратының Сыртқы экономикалық байланыс комитетінде бас маман қызметін атқарды.
2003 жылғы мамыр - шілде аралығында Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпарат комитетінің бас маманы болды.
2003 жылғы шілдеден бастап - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешені құрылысы комитетінде бас маман, бөлім бастығы болды.
2004 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ұйымдастыру-бақылау жұмысы және кадр саясаты басқармасы Ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас инспекторы болып тағайындалды.
2006-2007 жылдар аралығында Қарағанды қаласы және Қарағанды облысы әкімдіктерінде әртүрлі қызметтер атқарды.
2007 жылы аппарат басшысы, 2009 жылы Қарағанды облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.
2010 жылдан бастап - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметіне тағайындалды.
2011 жылғы қыркүйектен бастап ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі болып қызмет атқарды.
2012 жылы ақпанынан бастап - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары.
2014 жылы 25 маусымынан бастап Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.
Үйленген, үш баласы бар.

 

 

Кәрібеков Марғұлан Сібірұлы,
Қарағанды облысы әкімінің өнеркәсіп, ШОБ дамыту, индустрияландыру және инвестициялар мәселелері жөніндегі орынбасары

1964 жылдың 6 наурызында туған.
Үш жоғары білімі бар. 1986 жылы Қарағанды политехникалық институтын, 2000 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік универститеті жанындағы «Болашақ» маңызды білім беру институтын, 2005 жылы Ресей Федерациясы Президенті жананыдағы Ресей мемлекеттік қызметінің академиясын бітірді. Мамандығы бойынша кен инженері, экономист, менеджер (мемлекеттік және муниципалды басқару).
Еңбек жолын 1986 жылы Т.Күзембаев атындағы шахтада кен мастері болып бастаған.
1990-1991 жж. – «Ұлан» ККӨБ «Оазис» фирмасы директорының орынбасары, ОҚЖ учаскесінің бастығы
1991-1993 жж. – «Қарағанды-Квантор» шағын кәсіпорынның коммерция жөніндегі директордың орынбасары
1993-1995 жж. – «Қазақстан» даму қоры Қарағанды орталығының коммерциялық директоры
1995-1997 жж. – «Горос Секьюритиз» СКУП ЖШС-нің қаржы менеджері
1997-1998 жж. – «Атера Капитал» ЖШС-нің Сауда департаментінің директоры, бас трейдері, бэк-офис директоры
1998-2001 жж. – «Водоканал» ашық акционерлік қоғамының коммерциялық сұрақтары жөніндегі вице-президенті, президенті, оңалту басқарушының бірінші орынбасары
2002ж. – Қарағанды газ шаруашылығы ЖШС «Алаутрансгаз» Акционерлік қоғамының бас директоры
2002-2003 жж. - «Жібек жолы тобы» ЖАҚ президенті
2003ж.- Балқаш қаласы әкімінің орынбасары
2003-2004 жж. - «Қазақстан жер қойнауы» КРК» ЖШС-нің бас директоры
2004ж. - ҚР Индустрия және сауда министрлігі Стандарттау, метрология және сертификаттау комитетінің мемлекеттік қадағалау басқармасының бастығы
2004-2006 жж. - ҚР Индустрия және сауда министрлігі Қарағанды облысы бойынша техникалық реттеу және метрология комитеті басқармасының бастығы
2006-2007жж. - Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданының әкімі
2007-2008 жж. - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Қарағанды облысы бойынша басқармасының басшысы
2008-2009 жж. - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің «Қазгидромет» РМК бас директордың бірінші орынбасары
2009-2011 жж. - «Дипломатиялық корпусқа қызмет көрсету жөніндегі басқарма» АҚ директорының орынбасары
2011-2012 жж. – «ҚР Сыртқы істер министрлігінің шаруашылық басқармасы» РМҚК директоры
2012-2013 жж. - ҚР Сыртқы істер министрлігінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету департаментінің директоры
2014-2015 жж. - «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасының бірінші орынбасары
2015 жылғы ақпаннан 2016 жылғы тамыз айына дейін - «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы.
2016 жылғы 22 тамыздан бастап Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
Үйленген, үш ұлы бар.

 

Ляпунов Андрей Васильевич,
Қарағанды облысы әкімінің энергетика, коммуналдық шаруашылығы және ТЖ мәселелері жөніндегі орынбасары

1969 жылы туған. Екі жоғары білімі бар, 2001 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, 2008 жылы Алматы экономика және статистика академиясын бітірді. Мамандығы бойынша физик-инженер, экономика бакалавры.
Еңбек жолын 1988 жылы Қарағанды ЖЭО турбиналық цехінде турбиналық жабдықтауының машинисі болып бастады. Кеңес Әскерінің қатарында қызметінде өткен соң жұмысын Қарағанды ЖЭО жалғастырды.
1996-2006 жылдарда «Қарағанды-Пауэр» және «Қарағанды-Жылу» ЖШС бас лауазымдарды атқарды, өндіріс-техникалық бөлімі бастығының орынбасары, кейін ӨТБ бастығы болып қызмет етті.
2006-2007 жылдарда «Джет-7» ЖШС директоры, техникалық директоры, кейін Степногорск қаласының «Степногорск Ремсервис» ЖШС бас директоры болды.
2007-2010 жылдарда «Қарағанды-Жылу» ЖШС техникалық директорының орынбасары, техникалық директоры болып атқарды. «Караганда Энергоцентр» ЖШС бас директоры болды.
2010-2011 жылдар бойы Қарағанды қаласы әкімінің коммуналдық шаруашылығы жөніндегі орынбасары.
2011-2014 жылдарда – «Теплотранзит Караганда» ЖШС бас директоры,
Қарағанды қаласы мәслихатының V шақырылымның депутаты.
2014 жылғы 13 қарашада Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
Үйленген, екі баласы бар.
2010 жылы «Заслуженный энергетик СНГ» төсбелгісімен наградталған.

 

Мамалинов Шагурашид Қалиұлы,
Облыс әкімінің ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары

 

Мамалинов Шагурашид Қалиұлы 1958 жылдың 13 сәуірінде Қарағанды облысы Тельман ауданының Токаревка кентінде дүниеге келді.
Білімі жоғары. 1984 жылы Целиноград ауылшаруашылық институтын «Зооинженер» мамандығы бойынша, 2006 жылы Д.А.Қонаев атындағы универститетін «Юриспруденция бакалавры» мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын 1975 жылы Тельман ауданы Токаревка кентінің жол қызметі учаскесінде жұмысшы және машинист болып бастаған.
1977-1979 жылдарда Кеңес Әскерінің қатарында болды.
1982-1985 жылдары – Қарағанды облысының ЖОЛК Тельман аудандық комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, екінші хатшысы;
1985-1986 жылдары – Тельман аудандық агроөнеркәсіп бірлестігінің аға зоотехнигі;
1986-1988 жылдары - Қазақстан Компартиясының Тельман аудандық комитеті нұсқаушысы, ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі;
1988-1992 жылдары - Тельман аудандық агроөнеркәсіп бірлестігінің бас зоотехнигі, Тельман ауданы «Тұзды» совхозының бас зоотехнигі;
1992-1997 жылдары – Мичурин ауданының «Топарский» асыл тұқымды мал совхозының, кейін атауы 1994 жылы «Топарский» АҚ өзгертілген директоры;
1997-2007 жылдары – Абай ауданының «Алтай и К» АҚ басқармасының төрағасы, «Алтай и К» АҚ ЖШС басқармасының директоры, «ШОН» шаруа қожалығының басшысы;
2007-2010 жылдары – Қарағанды облысы ауыл шаруашылығы департаментінің директоры, ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы;
2010-2013 жылдары – Қарағанды облысы Бұқар-Жырау ауданының әкімі;
2013-2015 жылдары – Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы;
2015 жылдың тамыз айында Қарағанды облысы әкімінің ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.
«Құрмет» орденімен марапатталған.

 

Әбішев Жандос Ақылсерікұлы
Қарағанды облысы әкімінің әлеуметтік сала және ішкі саясат мәселелері жөніндегі орынбасары

1973 жылы дүниеге келді.
Үш жоғары білімі бар. 1994 жылы «Дене шынықтыру» мамандығы бойынша Қарағанды педагогикалық институтын бітірді. 2000 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша «Фемида» заң институтын бітіріп, екінші жоғары білімге ие болды. Заңгер. 2005 жылы Қарағанды экономикалық университетін бітірген соң «Қаржы» мамандығы бойынша диплом алды. «Мамандығы: қаржы менеджменті» қаржы бакалавры мамандығына ие болды.
Еңбек жолын 1994 жылы бастады.
1994 жылдан бастап 1995 жылға дейін Қазақстан тұтынушылар одағы университетінде дене тәрбиесі кафедрасында оқытушысы;
1998 жылдан бастап 1999 жылға дейін Қарағанды облысы бойынша Ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының бұқаралық ақпарат және реформаларды насихаттау бөлімінің бас маманы;
2000 жылдан бастап 2001 жылға дейін Қарағанды облысы Әділет басқармасы Қарағанды қ., Октябрь аудандық соты Киров сот учаскесінің бас маманы;
2001-2003 жылдар бойы Қарағанды облысы Сот әкімшілігінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, бастығы;
2003-2005 жылдар бойы Қарағанды облысы Сот әкімшілігінің қаржы мәселелері жөніндегі орынбасары;
2005-2012 жылдар бойы Қарағанды облысы Жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының бастығы;
2012 жылы Қарағанды облысы әкімінің кеңесшісі;
2012 жылдан бастап 2013 жылға дейін Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының инспекторы;
2013 жылғы тамыз айынан бастап 2014 жылға дейін Жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы;
2014 жылдың 12 қыркүйегінен бастап Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «10 жыл Астана» мерейтойлық медальдарымен, «Даңқ жұлдызы – Қазақстан экономикасы» Ұлттық Бизнес – рейтингінің орденімен, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық Министрлігінің төс белгісімен, Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатымен, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің Құрмет грамотасымен, Қарағанды облысы әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
Үйленген, екі ұл, екі қыз тәрбиелеуде.

Ысқақов Жанат Маратұлы,
Қарағанды облысы әкімі аппаратының басшысы


1977 жылы туған. Білімі жоғары. 1998 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін, ал 2006 жылы Қарағанды экономикалық университетін бітірді. Маманы бойынша экономист, юриспруденцияның бакалавры.

Еңбек жолын 1999 жылы бастады. Экономика, өнеркәсіп және кәсіпорын басқармаларында әртүрлі мамандарында, Қарағанды қаласының экономика және кәсіпорын дамуының бас басқармасында жұмысын атқарды. Облыс әкімі аппаратының бір қатар бөлімдерді басқарды.

2009-2011 жылдар бойы Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары, облыс әкімінің кеңесшісі, облыс әкімі аппараты басшының орынбасары болып қызмет істеді.

Тағайындау алдында Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданының әкімі болған.

 

 



Ақпаратты орналастыру: 23.12.2005
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 14.03.2017 13:35

Мемлекеттік рәміздер
Сауалнама
Сіз бес институционалдық реформа және оны іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарымен таныссыз ба?
Басталу уақыты: ноябрь 2015
Мұрағат
Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
Сіз көрсетілген мемлекеттік қызметтерінің сапалығына ризасыз ба? Басталу уақыты: маусым 2016
Мұрағат
Сіз мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жөніндегі ақпаратты қандай дереккөзден алғанды қалайсыз? Басталу уақыты: маусым 2016
Мұрағат
Сіз Қарағандыны қаншалықты білесіз?


Цифра дня
  • Өңдеу саласындағы қазақстандық экспорттаушылар мен шетелдік сатып алушыларға арналған Портал
  • Долевое жилье без обмана
© 2005-2015Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы